Жаңа жылдық тілек

Жаңа жылдық тілек

Аспан төрінде сан алуан түстерге боялған от шашу, көз тоярлық әсем көрініс. Сағат тілі он екіні көрсеткенде бүкіл ғалам ғажайып ертегі әлеміне енеді. Аспанды дүркіретіп қаланың әр бұрышынан атылған от шашу жаңа жылды асыға күттіретін әсем дәстүрлердің бірі. Бұл сәтке де санаулы уақыт қалды. Жаңа жыл бар жақсылығын алып келеді деген сенімдеміз. Күнделікті күйбең тірлікті қойып бір уақыт отбасымызбен, достарымызбен, әріптестерімізбен жиналып, қуаынышқа, еркіндікке уақыт бөлінетін ерекше күндердің бірі. Жылдың ең басты оқиғасы болып есептелетін бұл мейрамға барлығымыз жоғарғы деңгейде дайындалуды бастаймыз. Ұйымдастыру жұмыстарына ерте бастан қамданып, жақындарымызға қуанышты күн сыйлауға тырысамыз. Бір-бірімізге ықыласымызды білдіретін, қуанышқа бөлейтін тосын сый дайындаймыз. Барлығы адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға себепкер болады. Мейлі ол жұмыстағы әріптесіңіз болсын, мейлі ол отбасы мүшелеріңіз, жақын достарыңыз бен сүйген жарыңыз болсын. Сыйлық сыйлаудың да өз мәдениеті бар. Естеріңізде болса біз жаңа жылдық дайындыққа арналған бірнеше мақалалар тізімін ұсынғанбыз. Соның бірі жаңа жылда әріптестеріңізге сыйлық сыйлау болатын. Онда әріптестер үшін қандай сыйлық орынды болады, аса қымбат емес, бірақ әріптес көңіліне жағатын сыйлық қандай болады деген тақырыпта қысқаша мәлімет ұсынғанбыз. Сонымен қатар, жаңа жылдық корпоративке орын табу. Жаңа жылдық корпоратив түрлі стильде, тақырыпта өтуі мүмкін. Соған қарай өтетін орында сай болуы керек. Бүгінде жаңа жылдық корпоратив өткізуге кез келген мейрамхана, кафе бар, караоке клуб және т.б қоғамдық орындар қауқарлы. Барлығы да мереке өткізуге арнайы дайындалған, шоу-бағдарлама, биге арналған алаңы, музыкалық әрлеуі бар түрлі мүмкіндіктерді игерген. Жалпы айтқанда жаңа жылдың жоғары деңгейде өтуіне барынша үлес қосу керек.

Мереке болғандықтан ол барынша көңілді өтуі керек. Ол үшін арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар сыйланып және әрине ақ тілектер айтылады. Жаңа жылды тілектерсіз өткізуге болмас сірә. Біз қай кезде болмасын қонақ болып барған жерімізде есте қалатындай, көңілге жағымды, ерекше әсерлі және ешқайда айтылмаған тілек айтқымыз келеді. Сол арқылы өзімізге көңіл аудартқанды, басқаларына үлгі болғанды ұнатамыз. Сондықтан да болар тілек айтуға келгенде де алдын ала дайындалып, әсерлі сөздерді, айтылмаған тілектерді ойластыруға, дайындауға тырысамыз. Жаңа жылға арналған тілектер ерекше әсерлі болуы үшін, оны өз сөзіңізбен, жүрегіңізден шыққан әсем тіркестермен құрастырғаныңыз жөн. Себебі, біз ғаламтордан алынған тілектердің көп жерде қайталанатынын және ол тілектерге ешкімнің мән бермейтінін байқап жатамыз. Тіпті өзімізде сондай пікірде болуымыз мүмкін. Дегенмен, әрбір ортаға байланысты пікірлер тобы болады. Мысалы егер тілекті отбасы мүшелеріне арнасаңыз онда ата-анаңыз және басқа да аға-бауырларыңызды жеке атап, денсаулықтарының мықты болуын және әрбірінің мақсатының орындалып, арманына жетуіне тілектес екеніңізді баса айтсаңыз болады. Ал достарыңыз болса барынша көңілді етіп, қалжың арқылы, әркімнің жеке жетістігін атап айту арқылы үйреншікті сөздерден бұрын, бірегей болғаны жөн. Әріптестер үшін жаңа жылдық тілекте ресмилікті, мәдениетті сақтаған жөн. Жеке өмірі және қызметте жетістігінің мол болуын өз сөзіңізбен жеткізу әсерлірек болмақ. Кімге арналған болмасын оны шын жүрегіңізбен арнап айтатын болсаңыз ол міндетті түрде басқалардың жүрегіне жетеді. Көңілінде қалады.

Қорыта айтқанда жаңа жылдық және басқа да мерекелерді өткізу қызметі бойынша TOi BiZNES.kz интернет порталының көмегіне жүгіне аласыз. Ұялы телефоныңызға сайт қосымшасын жүктеу арқылы өзіңізге ыңғайлы платформада ақпарат алып, уақытыңызды үнемдей аласыз. TOi BiZNES.kz сайты арқылы мереке ұйымдастыруға қажетті кез келген қызмет түрін таба аласыз.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі