Үйлену тойына сыйлық

Үйлену тойына сыйлық

Жалпы осы уақытқа дейін үйлену тойы отбасы үшін, оның ішінде қалыңдық пен күйеу жігіт үшін қаншалықты маңызды оқиға екендігін айтып келеміз. Бұл мерекеге тек той кейіпкерлері ғана емес, сонымен қатар, қонақтар да айтарлықтай дайындалады. Жалпы қазақ халқы шақырған жерден қалма, шақырылмаған жерге барма дегенді құп көретіні айқын. Құрметті қонақ қылып, төрін ұсынған жерге құр қол бармайтыны да айқын. Осы тұста үйлену тойы үшін қандай сыйлық апарған жөн? Жастар үшін қандай сыйлық орынды, әрі қажетті болады? Біздің мақалаға көз жүгіртіп өтіңіз демекпіз.

Үйлену тойының күні жақындап келеді. Ал сіз сол тойдың құрметті қонағысыз. Ендеше, ең басты ойланатыныңыз сыйлықтың қамы. «Той кейіпкерлеріне не сыйласақ екен?» - деген сұрақ барлығымызда туындайды. Ендеше қалыңдық пен күйеу жігітке міндетті түрде ұнайтын сыйлықтар тізімін ұсынамыз. Жалпы мұндай көлемді отбасылық мереке үшін маңыздылығын еш жоғалтпайтын сыйлықтар қатарына қаржылай беру жатады. Ақша ешкім үшін артықтық етпейді. Әсіресе, отбасылық өмірге енді ғана аяқ басып жатқан жастар үшін, оның ішінде жүздеген қонақ шақырып шығындалып жатқан отбасы үшін ақшаның еш артықшылығы болмайтыны анық. Ең бастысы оны дұрыс ұсыну. Ақшаны түрлі ерекше жолдармен ұсынуға болады. Оның ішінде түрлі құттықтау қалташаларына салу, гүл шоқтарына салу және басқа да креативті қорапшаларға салу. Тек сыйлықты ұсынғанда ондағы қаражат көлемін айтып беруге болмайды. Бұл сыйлық иесі үшін ыңғайсыздық тудырады және ерсі болады.

Тұрмыстық техника дүкеніне арнайы сертификат сыйлау. Бұл да жас отбасы үшін таптырмас сыйлық. Оның үстіне сіз сыйлыққа алған техниканы алып жүруге, көтеруге, оны жеткізу сияқты артық әуреге түспейсіз. Белгілі бір қаржы көлеміне арналған сертификат сыйлық ретінде ұсынуға да жағымды. Оның үстіне ас үй ханымы өзіне ұнайтын түсте, пішінін, қажетті техниканы таңдауына мүмкіндік болады. Бұл жас келінге қажетті сыйлық екені рас. Тағы бір сыйлықтар тобы жастар бөлмесіне немесе  жаңа үйіне арналған шағын дизайнерлік заттар мен сувенирлер. Ең бастысы ол қарапайым әрі қарабайыр зат болмауы керек. Мысалға, сіз жастардың ортақ суреттерінен арнайы фотомазайка жасата аласыз. Бұл бүгінде трендке енген әрі жастардың қызығушылығын тудыратыны анық. Егер жас жұбайлар сіздің достарыңыз немесе жақын туысыңыз болса сіз үшін  жастардың ортақ және жеке суреттерін табу қиындық тудырмасы анық. Одан бөлек бөлме ішін безендіретін интерьерлік заттар болуы мүмкін. Егер сіз бұдан да ерекше сыйлық сыйлағыңыз келсе. Жастарға жұп бұйым сыйлаңыз. Яғни, бұл жігітке және қызға арналған бағалы металдан шынжыр алқа, жүзік, сағат және т.б. Ал ерекше болғанын қаласаңыз жұптардың есімдерін немесе арнайы сөз жаздырта аласыздар.

Бұдан бөлек бүгінде сәнге айналып жатқан түрлі ыдыс-аяқтар, тұрмыстық бұйымдар сыйлай аласыз. Жастарға арналған орындарға, тойдан кейінгі демалысқа арнайы сертификаттар сыйға тарта аласыз. Немесе танымал фотограф қабылдауына сертификат дайындасаңыз болады. Жас отбасы үшін, оның үстіне заманауи отбасы үшін бұл да қалыпты әрі ерекше сыйлық болады. Егер көптен арманда жүрген жастардың ойларын білетін болсаңыз оны да жүзеге асыру ол үшін ерекше әсерлі сыйлық болары анық. Сыйлықтар қатары әрине көп, дегенмен сыйлықты да орнымен сыйлауға тырысыңыз. Жұмыстағы әріптестер, жақын достары, туыстары мен аға-қарындастары сыйлайтын сыйлықтар арасында әрине айтарлықтай айырмашылық болатыны айқын. Сондықтан, ара-қатынастың қаншалықты жақындығы да сыйлыққа себепкер болады. Дегенмен барынша жағымды әрі ерекше сыйлық сыйлауға тырысқан дұрыс. Жалпы айтқанда үйлену тойына сыйлауға болатын сыйлық та оның түрі де көп. Барлығы сіздің мүмкіндігіңіз бен ойыңыздың ұшқырлығына байланысты.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі