Ер азаматтарға жаңа жылдық сыйлық

Ер азаматтарға жаңа жылдық сыйлық

Алдымызда барлығымыз асыға күтетін жылдың ең ерекше мейрамдарының бірі Жаңа жыл келе жатыр. Жаңа жыл біз үшін ғажайып пен сыйлықтарға толы мейрам болып есептеледі. Қай қайсымыз болсын жыл бойына асыға күткен мерекеден бір ғажайыпты күтеміз. Аяз атадан болмасада жақындарымыздан, достарымыздан ерекше сыйлық алып, қуанышқа бөлену барлығымыздың ойымызда. Ал сіз, алдағы жаңа жылға дайындалдыңыз ба? Әсіресе, нәзік жандылар қауымы сыйлық жасауға келгенде ерекше талғампаз болып келеді. Жаңа жылға бірнеше апталар ғана қалды, ендеше сыйлық тақырыбында ойлана бергеніміз жөн. Ер адамар үшін сыйлық таңдау қиын емес, егер сіз оның қызығушылықтары мен жеке талғамын білетін болсаңыз. Ең алдымен анықтап алайық! Сыйлықты кімге арнап аламыз. Жалпы жаңа жылда қыз-келіншектер сыйлықты ағасына, әкесі мен жарына, достары мен қызметтестеріне (ер адам) сыйлайды. Бұл ер адамдардың барлығына «бірдей» сыйлық бере алмайтынымыз анық. Ендеше жеке-жеке қысқаша тоқталып өтейік.

Сыйланатын сыйлық күнделікті өмірде қолдануға арналған, пайдалы немесе арманындағы  және алуды аңсап жүрген зат болуы керек. Бұндай сыйлық барлық адамды қуанышқа бөлейді, ерекше әсер қалдырады. ТOi BiZNES.kz сайтынан сіз бірегей, әдемі әрі ерекше сыйлықтар қатарын таба аласыз. Порталға өз баптауларыңызды енгізу арқылы бағасы, ерекшелігі немесе басқа да сипаттары бойынша іріктеу жасай аласыз. Егер сыйлықты қызметтес ер адамға сыйлағыңыз келсе жұмыс бағытына байланысты сыйлықтар жасай аласыз. Мысалы, ол кеңсе қызметкері болса оның лауазымын байқататын сувенирлер,  қойын кітапшалары, есімі жазылған қаламдар сыйлауға болады, ал шығармашылық жолындағы адам болса мысалы, суретшіге –карандаштар, қыл қаламдар жиынтығы болуы мүмкін. Немесе сәннен түспейтін сыйлықтар ретінде сағат, галстук қыстырғылары және запонки сыйлауға болады.

Ал әкеміз бен ағамызға сыйлық таңдау аса бір қиындықты тудырмайды. Себебі, біз жақындарымыздың қызығушылықтарын, армандап жүрген немесе алдағы уақытта алуды жоспарлап жүрген затын білуіміз мүмкін. Соған қарай сыйлықты оп-оңай таңдай аламыз. Егер сіз әкеңіздің, ағаңыз немесе бауырыңыздың жиі айтып, «алуым керек» деп жүрген затын білсеңіз ойланбай-ақ соны алып берсеңіз болады. Бұл жақыныңыз үшін ең керемет сыйлық болады. Немесе әкеңіздің және ағаңыздың қызығушылығына байланысты таңдау жасай аласыз. Мысалы, балық аулауға арналған құрылғылар, әкеңіздің сүйікті жазушыларынан қолы жетпей жүрген кітап, ағаңыз үшін нысанаға ату құралдары және т.б. Сонымен қатар, қамқорлығыңызды көрсететіндей тоқылған жемпір, жылы  мойын орағыштар сыйлай аласыз. Ескеретін жайт, ер адамдар үшін немқұрайлы сыйлықтар жасамауға тырысыңыз. Жуынуға арналған сусабындар, қырынуға арналған заттар сыйламаған жөн. Ол сіздің сыйлық таңдаудағы немқұрайлығыңызды көрсетеді.

Соңында жарыңызға және сүйіктіңізге арналған сыйлықтар жөнінде айтайық. Ол жаныңызға жақын, бір-біріңізді танып үлгерген, ортақ қызығушылықтарыңыз бар адам болғандықтан сыйлық таңдау оңай болуы керек. Тек көп қыздар сүйіктісіне сыйлық таңдауға келгенде көп ойланып жатады. Ондағы ойы сыйлықтың ұнамай қалуынан жасқану. Ең басты ескеру керек жайт сыйлыққа немқұрайлы қарамаңыз және жоғарыда ескертілгендей қарапайым сыйлық алмауға тырысыңыз. Себебі бұл сүйіктіңізге уақытыңызды қимағаныңызды білдіреді және оның көңіліне келіп қалуы да мүмкін. Оның хоббиін ескріңіз. Ол саяхаттауды, кітап оқуды, суға жүзуді, спорттың бір түрімен айналысатын болса сыйлықты соған байланыстырып ала аласыз. Ерекше сыйлық жасауды қаласаңыз бірге түскен суреттеріңізді жейдеге, футболкаға немесе кружкаға бастыра аласыз. Есімі жазылған термо стакан немесе көлікке арналған аксессуарлар сыйлауға болады. Осы және өзге де сыйлықтарды таңдауда ТOi BiZNES.kz сайтының көмегіне жүгіне аласыз.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі