Әріптестерге сыйлық

Әріптестерге сыйлық

Біздің қоғамдағы негізгі ортамыз қызметімізбен тығыз байланысты. Себебі, алдағы уақытта жұмыс жасайтын орнымыз, ондағы бір мақсатқа жұмыс жасайтын  қызметтестеріміз, жұмыс бабы бойынша танысатын адамдарымыз дәл осы қызметімізге байланысты. Қызметтестер арасы бара-бара жақсаруы керек. Достарымызға қарағанда қызметте бірге істейтін адамдарды күнделікті көреміз. Сондықтанда, қызметтестер арасында сыйластық болуы көп жерде талап етіледі. Ұжым татулығы жұмыстың барысына тікелей байланысты. Компания басшылары осы мақсатта коллективті мерекелер, демалыс, тимбилдинг ұйымдастырады. Қызметтестер де шағын немесе бүкіл коллективпен атап өтілетін мерекелерде, айтулы күндерде бір-біріне сыйлық беруді жөн көреді. Сыйлық алу кім үшін болсын көңілді қуантатын үрдіс. Қызметтестер үшін ол әрине аса қымбат сыйлық болмайды және қызмет бабындағы ресмилік сақталады.

Әріптестер үшін түрлі жағдайларда сыйлық сыйлауға болады. Ол: туған күн, айтулы күн (мысалы, журналистер күні, ұстаздар күні т.б), жаңа жыл және т.б. Әр мерекенің маңызына, мәніне қарай сыйлық таңдай білу керек. Сыйлық қызмет бабына байланысты немесе әмбебап кез келген адамға қажетті зат болуы мүмкін. Себебі, біз бір жерде жұмыс жасағанымызбен бір-біріміздің қызығушылықтарымызды, ұнататын заттары жайында біле бермеуіміз мүмкін. Ал барлығы үшін қажетті, қызметте пайдаланатын заттар әріптес көңілін жадырата алады. Егер әріптесіңіздің туған күні болса немесе алда келе жатқан жаңа жылға орай сыйлық жасау ойыңызда болса біздің кеңесімізге жүгінсеңіз болады. Ең алдымен TOi BiZNES.kz сайтына шолу жасасаңыз болады. Сайттан сіз «сыйлықтар» бөліміне өту арқылы қалауыңызды таба аласыз. Әріптеске жаңа жылдық сыйлық, әріптес туған күніне сыйлық, әріптеске сыйлық тіркестері арқылы қажетті сыйлықтар тізімін таба аласыз. Сонымен қатар интернет порталда түрлі сыйлықтар дайындайтын және ұсынатын агенттіктер табу мүмкіндігі бар. Сонымен, әріптестерге арналған сыйлықтар қатарына нелерді жатқызуға болады және не сыйласа болады?

Кеңсе қажеттіліктері әріптестер үшін қай уақытта болмасын маңыздылығын жоғалтпайтын сыйлықтардың бірі. Осы бағытта әріптесіңізге ерекше бірегей жұмсақ қаптамалы блокнот, қалам, калькулятор, визиткаға арналған қаптама немесе шағын қағаздар сөресін сыйлауға болады. Тек бұл күнделікті көріп жүрген құралдар емес ерекше формадағы, креативті жазулар немесе суреттермен, қызығушылық тудыратын және естелік ретінде сақтауға тұрарлық болуы керек. Жоғарыда атап өткеніміздей ол барлық адам үшін қажетті құралдар, аксессуарлар (әшекей) болуы мүмкін. Мысалы, ұялы телефонға арналған қаптамалар. Ол соңғы трендтерге сай болуы мүмкін. Мысалы, ағаштан арнайы тапсырыспен жасалған, әріптесіңіздің аты-жөні немесе жиі айтатын қызықты сөзі жазылған телефон қаптамасы. Бұл барлығымыз үшін қызықты әрі әдемі сыйлық болатыны анық. Немесе әріптесіңіздің автокөлік маркасына байланыстырып сыйлық таңдай аласыз. Ол: кілтке арналған брелок, көлікке арналған ұялы телефон қойғыш немесе көлікке ыңғайланған стакандар. Тек бұлар тіптен арзанқол болмағаны жөн. Қызметтестерге қымбат сыйлық сыйланбайды деген күннің өзінде ол қуантарлық, түрлі танымал маркадағы сыйлықтар бола алады. Сыйлықтардың тағы бір үлесі шағын интерьерлік заттарда. Оларға: үстел және қабырға сағаттары, түрлі формадағы үстел шамдары, сувенир және флешка да болуы мүмкін. Жадысы үлкен флешка кез келген қызметкерді қуантатын, жағымды сыйлық. Қызмет бабына байланысты, қызметкердің жеке қасиеттері, мінез-құлқына байланысты сан алуан сыйлықтар сыйлауға болады.  Қандай болмасын шын көңілден сыйланған сыйлықты ешкім «ұнамады» деп айтпайтыны анық. Дегенмен, күнде көретін, бір бөлімде отыратын әріптестер үшін оңтайлы сыйланған сыйлық арадағы қарым-қатынастың жақсаруына дәнекер болады. Және алдағы күндерде де ол сыйлық сіз туралы естелік қалдырады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі