Үйлену тойын ұйымдастырушылар

Үйлену тойын ұйымдастырушылар

Той күні жақындап келеді. Ал сіздің алдыңызға бұл мерекені басынан аяғына дейін ұйымдастырып, барынша тыңғылықты дайындалу шарты қойылған. Ертеде үйлену тойы болатын үйдің үлкендрі жиналып не істеу керек; не ұйымдастырса болады; қайда той өткізсе болады; кім қандай көмек көрсетеді; той бағдарламасына кім өлең айтады барлығын бір шаңыраққа жиналып ақыладасатын. Соған қарай шешімін шығарып тойды апаларымыз, аға-жеңгелеріміз өздері ұйымдастырып беретін. Бүгінде аға-жеңгемізді, ата-анамыздың аяғынан тозып барлық істі өзі атқарып, жан-жақтан туған-туысын шақыртуы келмеске кеткен. Қазір, той иелерінің өзі де қонақтармен бірге тойға келіп, өздерін нағыз қуаныш иелері ретінде сезінуге мүмкіндіктері бар. Әрине оның барлығы өз істерінің маманы той ұйымдастырушалырының көмегімен жүзеге асады.

Жаһанданып келе жатқан мүмкіндіктер заманында қадай қиялыңызды болмасын жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Бұрындары бір ғана ата-анамыздың мойнына жүктелген әр қызметтің, бүгінде өз мамандары, орындаушылары бар. Мысалы: залды безендіру, фото/видео түсірілім жасау, көліктерді безендіру, үйлену тойына көлік жалға алу, қалыңдықтың бетін әрлеу, қалыңдықтың гүл шоғы, қалыңдық көйлегі, асаба және т.б. Бұның барлығын осы қызметті игерген өз кәсіби мамандары атқарады. Тойды ұйымдастыру оңай шаруа емес. Бұл қызметтерді әр жақтан іздестіру алтын уақытыңызды ысырап етумен тең. Оның үстіне әркімнен сұрастырып жүріп тапқан қызмет ұсынушы, мысалға, асаба сіздің көңіліңізден бірден шыға қоюуы екі талай. Ал басқасын іздестіріп жатуға уақытыңыз тапшы болып қалады. Осылай әрбір қызметті іздеп оның ішінен өзіңізге керектісін бірден табу мүмкін емес. Уақытқа қарай «барымен базар» - деп тойды бастап кетсеңіз оның сіздің көңіліңізден шықпайтыны анық. Ендеше, бұл кемшіліке жол бермес үшін не істеу керек? Әрине, той ұйымдастырушысының көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс. Ол барлық қызметті өз мойнына алып сіздің қалауыңызды, арманыңыздағыдай етіп өткізіп береді. Тек мүмкіндігіңіз бен қалауыңызды талқылап алсаңыз жеткілікті. Тойбизнес.кз сайты дәл сізге керекті қызметтің сан алуан түрін ұсынады. Тойды ұйымдастырушы агентіктен бастап, қалыңдықтың бет әрлеуі, шаш үлгісі, гүл шоғы, тойханалар тізбегі, безендірушілер мен түрлі мерекелерге арналған ойын-сауық, оның ішінде тойға шоу-бағдарлама, той көліктері, типография бәрі-бәрі біздің сайттан табылады. Ойыңыздағы ең әдемі, ең ғажайып, ең жақсы үйлену тойды ойдағыдай өткізу үшін кәсіби ұйымдастырушалыр көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Себебі, бүгінде қызмет жасап жүрген той ұйымдастырушыларының мүмкіндіктері мол. Сіз апталап, айлап уақыт кетіретін жұмысты олар бір мезетте-ақ атқарады. Олардың жеңілдікпен берілетін қызмет түлері де бар. Мысалы, өздерінің асабасы немесе әнші-бишілері, фото/видео түсірілім жасайтын қызметтері, мен музыканттары болуы мүмкін. Одан бөлек, тойды талқылау кезінде сіздің қалауыңыз бен мүмкіндігіңізді ескере отырып той өткізетін бірнеше мейрамханалар тізімін жеңілдікпен ұсына алады. Той ұйымдастыру нарығында ұзақ уақыт жұмыс жасап келе жатқан ұйымдастырушалрдың ұсынатын қызмет түрлері де сапалы әрі кәсіби болады.

Дегенмен, тойдың дайындығын той ұйымдастырушылардың қолына беріп қойып отыруға бәрінің жағдайы келе бермейді. Бірақ, өзіміз де тойды ұйымдастыру мүмкіндігімздің мол екенін ескергеніміз дұрыс. Ғаламтор желісі торлаған заманда барлығымыз да оны қолдануды бес саусақтай білеміз. Ендеше той дайындығын өз бетіңізше ұйымдастыруға кіріссеңіз тойбизнес.кз сайтына кіріңіз. Мұнда Алматы мен Астана және Қазақсатанның барлық қалаларында мереке, той өткізу үшін барлық қызмет түрлерінің жарнамасы ұсынылған. Әр жарнамада көрсетілген телефон нөмерлері және ақпараттары бойынша жеке хабарласып, хат жолдай аласыз. Немесе бір ғана батырманың көмегімен сауалнама толтырып қалдыру арқылы өзіңізге қажетті қызметтердің барлығын таба аласыз. Әр шаңырақта тойланатын той таусылмасын.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.