Жаңа жылдық шоу-бағдарлама

Жаңа жылдық шоу-бағдарлама

Он екіні қаққан сағат тілдері, сан алуан жарық шамдарға оранған шыршалар, аспанды түрлі бояуға бояған от-шашу, бокалдар соғысы мұның барлығы жаңа жылдың ғажайыбы. Сағат тілі он екіні қаққанда бүкіл әлем жаңа жылдың сыйқырлы әлеміне аяқ басады. Ескі жылды артқа тастап, жаңа жылды қуанышпен қарсы алады. Бұл оқиға әне-міне дегенше келіп қалды. Дайындық, қарбалас басталып кетті. Егер осы кешті отбасыға, дос-құрбыға айналып үлгерген қызметтестермен бірге жаңа жылдық корпоративте қарсы алуға шешім қабылдасаңыз, оны барынша көңілді етіп өткізуді қалағаныңыз жөн. Ол үшін әрине, дайындықты жоғарғы деңгейде жасау керек. Себебі, корпоративтің өту орны, стилі, таңдалған жүргізушісі, шоу-бағдарламасы, кеш көңіл-күйіне жауаптылардың бірі диджейдің дұрыс таңдалуы, барлығы маңызды. Кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы оның жақсы өтуіне бірден-бір себепші. Біз жаңа жылдық корпоратив үшін орын, жаңа жылдық корпоратив үшін жүргізуші таңдауға көмекші болатын кеңестерімізді бердік. Ол үшін TOi BiZNES.kz сайтының көмегіне жүргіне аласыз. Бұл мақалада жаңа жылдық корпоративке арналған шоу-бағдарлама таңдау турасында ескеру керек ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз.

Ойын-сауық, шоу бағдарлама таңдау өзіндік қиындықтары бар жұмыс. Себебі, бұрын соңды жаңа жылдық корпоратив тарихында болмаған тың идеяларды табу, ұйымдастыру өте қиын. Оның үстіне ойын-сауық бағдарламасы тек өзіңіздің емес бүкіл қызметкерлердің ойынан шығатындай, басшылық көңіліне жағатындай болуы керек. Жаңа жылдық кеш өткеннен кейін де жұмысшылар ықыласына бөленіп, кештің керемет өткені тілге тиек болатындай, ұзақ уақыт есте сақталып, естелік болатындай болғаны жөн. Дегенмен, тың ойлар, түрлі бағыттарды табу қиынға түседі деуге болмас. Бүгінде жаңа жылдық корпратив үшін ойын-сауық, шоу-бағдарлама жасайтын агенттіктер жетіп артылады. Жалпы кез келген мерекелік кештің шоу-бағдарламасын, ұйымдастырушылар қолына тапсыруға болады. Кәсіби мамандар өз істерінің шеберлері. Олар сіздің қалауыңызды ескеріп, ақылдаса отырып ойңыздан шығатын бірегей бағдарлама жасап беруге қауқарлы.

Жаңа жылдық шоу бағдарлама қызметкерлердің лауазымына, кештің тақырыбына, яғни өту бағытына сай болуы керек. Корпоратив үшін бұрын болмаған қызықты ойын-сауық, көңілді бағдарлама қарастырған дұрыс. Қызметкерлер бұл күні ресмилікті, жұмысты ұмытып, бейқам күйге енгісі келеді. Жалпы жаңа жылдық ойын-сауықтың түрі көп. Олар: биге, музыкаға негізделген «party» стилінде, тақырыптық, квест, тимбилдинг, ойын, король және королева т.б. Тақырыптық шоу-бағдарламада қызықты стильдердің бірі. Тек ерекше тақырып таңдай білу керек. Мысалы, Ханзада және Ханшайым тақырыбы таңдалса. Жыл он екі ай бойына ресми киіммен жүретін қызметтестерді ертегі әлеміндегі ханзада мен ханшайым бейнесінде көріп, еркіндікті сездіретіндей кеш ұйымдастыруға болады. Жаңа жылға арналған шоу-бағдарлама түрі көп. Тек оны ұйымдастыру ісін кез келген қызметкерге тапсыруға болмайды. Ол міндетті түрде, әзілге жақын, креативті ойлайтын, ұйымдастыру ісінен хабардар және қызметкерлер қатарын білетін адам болғаны дұрыс. Жаңа жылдық корпоративтің ойын-сауық, шоу-бағдарламасын TOi BiZNES.kz интернет порталы көмегімен ұйымдастыра аласыз. Ол үшін «Toi biznes.kz» деп іздеу жолақшасына жазыңыз. Сайттан сіз кез келген мерекені өткізу үшін қажетті қызметтер, өнімдер мен орындар жарнамасын көре аласыз. Алматы, Астана және кез келген Қазақстанның басқа да қалалары бойынша түрлі хабарландырулар жиналған ақпараттық алаң. Мұнда сіз арнайы баптаулар арқылы жаңа жылдық кештің шоу-бағдарламасын ұсынатын және ұйымдастыратын  бірнеше агенттіктерді табасыз. Олардың парақшаларында қалдырылған пікірлер мен видео/фото түсірілімдерін көріп, таныса аласыз. Сіздің көңіліңізден шығатын қызмет міндетті түрде табылады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі