Үйлену тойына жүргізуші таңдау

Үйлену тойына жүргізуші таңдау

Сөздің майын тамызып, қамырдан қыл суырғандай етіп анық сөйлеу, әдемі дауыс пен келбет, айтқан сөзіне сендіре білу, тыңдата білу, күлдірте білу, жағдайды бақылауда ұстай білу. Қалай ойлайсыздар, бұл қасиеттердің барлығы бір уақытта, бір адамның бойынан табылуы мүмкін бе? Әрине, жүргізуші қызметін атқарып жүрген ағайындар. Талантты жүргізушілердің бойынан бұл қасиеттердің барлығы табылады және олар бір шара барысында өзін көрсету үшін түрлі жолдарды қолдана біледі, үнемі ізденісте жүреді. Себебі, бірсарынды жүргізу стилі халықты жалықтырып алуы мүмкін.

Сонымен, алда үйлену тойы күтіп тұр. Ал сіздің ең басты міндеттеріңіздің бірі – үздік той асабасын табу. Өйткені, ауқымды кешті көңілді басқара алатын адам міндетті түрде керек. Кештің жақсы/жаман болуы көп сәттерде осы тамада/жүргізушілердің жұмысына байланысты болып жатады. Сондықтан, таңдауда қателесуге болмайды. Ол үшін алдымен кешті, үйлену тойын қандай стильде өткізгіңіз келетінін анықтап, нақты шешім қабылдауыңыз қажет. Себебі, бүгінгі күннің нарығында мықты деген асаба/жүргізушілер өз брендтерін қалыптастырып, стилін анықтаған. Яғни, бірі дәстүрлі және классикалық белгіленген мәнерде өткізсе, бірі әлдеқайда қазіргі заманға сай, қызықты етіп өткізуге ыңғайланған. Жастарға және егде жастағы салмақты ортаға бейімделген, сол ортаның темпіне сай жұмыс жасай алатындар бар. Және барлық бағытта дамыған, кез келген ортаны ұстай алатын, қызықтыра алатын жүргізушілер тобы да бар. Жүргізушілердің жас немесе ересек, нәзік жанды немесе ер адам болуы да оның қызметінің сапасына әсерін тигізбейді. Тек өзіңізге аталған жүргізушілердің қайсысы келетінін білсеңіз болғаны қоржынында түрлі кештерге арналған жоспар дайын тұрады және әр жолы жаңалық енгзіп отырады. Себебі, қонақтар әртүрлі үйлену той мерекелерінде болып барлығынан бірдей әсер алғысы келмейді. Халық көбінесе тың жаңалықтар, қызықты бағдарлама, көңілді кеш болғанын қалайды. Оның үстіне, үйлену тойы бірінші барлығын шақырып дайындық жасап, ертеңінде қайта өткізетін кеш емес. Үйлену тойы әр жұптың өмірінде бір рет қана орын алады. Сондықтан да тосын оқиғалар, күтпеген жағдайлар да орын алып жатады. Бұл сәтте сауатты түрде жағдайды өз қолына алып, шешім жасау, қонақ пен той иелерінің көңілін түсірмей жақсы жағынан шешу де дәл осы жүргізушінің кәсібилігіне байланысты.

Егер жоғарыда көрсетілген мәліметтерден кейін өзіңізге қажетті жүргізушінің қандай болу керектігін шешсеңіз келесі кеңесімізге құлақ салыңыз. TOi BiZNES.kz порталынан сіз, кез келген бағыттағы үйлену тойын өткізетін жүргізушілерді таба аласыз. Порталдан кез келген мерекеге асаба/шоумен/кеш жүргізушісін таңдап, есімхатын алып жеке хабарласуға немесе сайт ұйымдастырушыларына өтініш қалдыруға болады. Шешім қабылдау үшін сайтта қолданушылар қалдырған пікірлер мен жүргізушінің фото/видео жұмыстарымен алдын ала таныса аласыз. Жүргізушінің қызмет құнын біліп оған қосымша қандай қызметтер кіретінін біле аласыз. Мысалы: музыкалық аппаратура, шоу-бағдарлама, фото/видео түсірілім, ән-би әртістері немесе т.б. Бұл сәтті алдын ала анықтап алсаңыз келеңсіз оқиғалар болмайды. Астана, Алматыда жүргізуші, басқада Қазақстанның қалаларынан жүргізуші табу үшін TOi BiZNES.kz сайтының көмегіне жүгіне аласыз.

Мінекей, бұл сізге берер ең басты кеңесіміз. Жүргізуші немесе асаба таңдау үшін аталған мәліметтерге сүйенсеңіз болды. Тағы бір ескеретін жайт, той жүргізушісімен асабаның айырмашылығы. Бұған да мән бергеніңіз жөн. Себебі, асаба үйлену тойын басынан-аяқ өз қолына алып, той мерекесін сапалы әрі кәсіби тұрғыдан өткізетін, шоу-бағдарламаны құрып жоспарлы немесе импровизациялы түде өткізетін болса. Жүргізуші дайын бағдарламаны хабарлап, халықтың көңілін өзіне аудара алатын адам. Қай қайсы болмасын кәсібилікті серік еткен кеш майталмандары деуге болады. Сондықтанда, таңдау жөнінде қателеспеуге тырысқан жөн.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі