Туған күнді қалай өткізуге болады?

Туған күнді қалай өткізуге болады?

Жыл сайын қайталанып келетін және әр жолы ерекше күтіп, қуанышқа бөленетін күн – дүние есігін ашқан күніміз. Туған күніміз жақындаған сайын бойымызды ерекше көңіл күй кернеп, күн санап кететініміз де бар. Көбіне жастар қауымының, балалардың ерекше жақсы көретін күні өзі туылған күні. «Бүгін менің туған күнім ой пәләй, мына халық неге жатыр тойламай» деп Мұқағали айтқандай бұл күннің барынша көңілді болып, барлығы көңіл бөліп, айналамызда жүрсе екен дейтін тілегіміз де бар. Сондықтан болар, бұл күнге дайындықты да ерте бастап, алдын ала жоспарлар құрып жатамыз. «Туған күнді қайда өткізсем болады? Қандай стильде жасаған дұрыс? Не кисем екен?» - деген сұрақтар мазалап ғаламторды шарлап жатамыз. Кезекті туған күн болса үйде туған-туыс, дос-жарандардың арасында өткізуге болады. Ал егер, айтулы күн болып, мерейтой болса дайындықты неғұрлым жоғарғы деңгейде жасағымыз келеді. Мұндайда тіптен арнайы мамандар көмегіне де жүгініп жатамыз.

 Сонымен, алдыңызда мерейтойға деген үлкен дайындық басталды. Неден бастаған дұрыс. Бұл кезекті туған күн кеші емес сондықтан, алдымен қайда өткізетініңізді ойластырыңыз. Әрине үйде атап өтуге болады, бірақ үйде мереке өткізудің қуанышынан гөрі жұмысы көп. Үйдің тазалығы, жасайтын дастарханыңыз, қонақтарды күту, артынан ыдыс-аяғыңызды тазалап басқада ұсақ-түйек жұмыстар туған күнде кештің басты кейіпкері болудың орнына қызмет көрсетумен уақытыңыз өтеді. Бұдан кейін көңілді кешті еске алудың орнына шаршау сезімі басым болып қалуы мүмкін. Сондықтан ең оңтайлы шешім қонақтарыңыздың санына қарай туған күнге банкет залын жалдау. Әрі банкет залын арнайы туған күнге арналған шарлармен безендіру мүмкіндігі болады. Бүгінде мереке безендірушілерінің де мүмкіндіктері өте көп. Сіздің арманыңызды, ойыңызды шындыққа айналдыра алады десе де болады. Ал туған күн кешінің көңіл-күйі сезілетін болса сіз де, кеш иесі ретінде келіп, ойыңыздағыдай демалып, көңілді өткізе аласыз.

Бұдан кейінгі басты мәселе туған күн кешінің бағдарламасын жасау. Бұл жөнінде де туған күн ұйымдастырушыларының көмегіне жүгіне аласыз. Мерекелік кештің қонақтарына, жас ерекшеліктеріне сай  шоу-бағдарлама да міндетті түрде керек. Себебі, бұл күнде тек тілектер айтылып, сыйлықтар сыйлануы аздық етеді. Әр «жас» өз атап өту ерекшелігімен есте қалу керек. Мысалға: жастар арасында туған күнді караокеде немесе клубтарда атап өту кең таралған болса егде жастағы адамдар үшін әдемі безендірілген банкет залдары әдемі таңдау. Ол үшін тіпті туған күн жүргізушісін жалдасаңыз да болады. Себебі, он бес – жиырма адамды өзіміз-ақ басқара алғанымызбен, отыз-қырыққа жуық қонақ жиналатын болса кәсіби жүргізуші көмегіне жүгінген дұрыс-ақ. Халықты бағындыру, тыңдата білу, көңілді кеш жасау дәл осы жүргізушіге тікелей байланысты. Кештің ұйымдастырылуы қонақтардың көңілінен шығатын болса, бұл сіздің де көңіліңізді жайландырады. Ертеңгі күні аталған туған күн кешінен жарқын естеліктер қалатын болады. Ол үшін сіз фото/видео түсірілім жасата аласыз. Бұл қызмет түрі де бүгінде қандай мереке болмасын алдыңғы орында жүреді. Себебі біз,  жарқын күндердің қашанда есімізде сақталғанын, ұрпағымызға көрсетуді қалаймыз. Фото суреттерде, бейне жазбаларда сақталған естеліктерді әңгімелеуге қарағанда көрсету әлде қайда әсерлі болады. Осылайша, атап өтетін туған күн кешін ерекше әсерлі, көңілді етіп өткізіп, естеліктер де қалдыра аласыз.

Туған күн кешін барлығымыз атап өткіміз келеді. Бірақ, неден бастайтынымызды білмей сұрастырып жатамыз. Сондай сәттерде TOiBiZNES.kz сайтының мүмкіндіктерін өз пайдаңызға асыра аласыз. Жоғарыда аталған және басқа да мерекелерге қажетті барлық қызмет түрлерін, өнімдер мен атап өту орындарын біздің сайттың хабарландыруларынан таба аласыз. Бізде барлық қолданушының мүмкіндігіне сай қызмет түрлері табылады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі