Қыз ұзату, мерейтой үшін тойхана таңдау

Қыз ұзату, мерейтой үшін тойхана таңдау

Қыз ұзату, түрлі мерейтой мен туған күн және басқа да мерекелік кештерді ұйымдастыру, оны өткізу орнымен тығыз байланысты. Кез келген кеш үшін оның мазмұнына, тақырыбына сай орын таңдай білу керек. Бұл мерекенің жақсы өтуіне басты себептердің бірі. Сондықтан, таңдау кезінде аса мұқият болу керек. Бүгінгі күні той, мерейтой, туған күн, қыз ұзату үшін тойхана таңдаудың түрлі мүмкіндіктері бар және соған сай жағдай да жасалған. Мысалы: мерекенің тақырыбы мен стиліне қарай безендірілу, сыйымдылығы, ас үйі (еуропалық, шығыс және ұлтық т.б. ас үй тағамдары).  Бұл мақалада қыз ұзату, мерейтой өткізуге тойхана таңдауға қажетті кеңестерді ұсынамыз.

Тойхана іздеуге кіріспес бұрын ең алдымен мына нәрселерді анықтап алыңыз. Келетін қонақтардың саны және өтетін мерекенің ұйымдастырылу ерекшеліктері. Бұл арқылы сіз өтетін орынның яғни, тойхананың қандай болу керек екендігін алдын ала елестетіп, соған сай іздеуді бастайсыз. Бұл дұрыс таңдау жасауға және қалауыңызды тез табуға себепкер болады. Тойхана қашан да қонақтар санына сай болуы керек. Орташа, қонақтар еркін сиятын және түрлі шоу бағдарлама өткізетін орны бар тойхана қашан да жағымды. Ал мереке өтетін орынның тым үлкен немесе тым шағын болуының да өз кемшіліктері бар. Себебі, тым кең әрі үлкен тойханада қонақтар бір-бірінен алшақ орналасып, өздерін ыңғайсыз сезінетін болады. Керісінше шағын болса қонақтар тығыз орналасып, сыймай, орын жетпей қалу қаупі артады. Сондықтан, қонақ санын ескеріп, соған сай, жүріп-тұруға ыңғайлы, биге және ойынға арналған орындары бар тойхана таңдаған дұрыс.

· Ескерту! Қонақтардың санын анықтаған кезде +/- 5 немесе 10 адам есептеңіз. Мысалы: 20-25 немесе 30-40 адамға арналған тойхана. Себебі, тойхана/мейрамхана иелері әр кезде дәл сыйымдылығын айта бермейді. Олар айтқан саннан 5-10 орын алып тастасаңыз тойхана/мейрамхананың тура сыйымдылығы шығады. Бұл – келген қонақтарыңыздың сыймай қалу сияқты келеңсіз жағдайдың алдына алуға көмек болады.

Қыз ұзату, мерейтой үшін тойхана таңдауҚыз ұзату немесе мерейтойға тойхана таңдау үшін асығыс шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Тек іздеуді, дайындықты екі-үш ай бұрын бастаңыз. Бұл мереке өткізу үшін басшылыққа алатын басты қағида. Тек тойхана таңдауды ғана емес қыз ұзатуға, мерейтойға асаба жалдау, шоу бағдарлама дайындау, ұйымдастыру, безендіру және т.б дайындықтарды ерте бастаған жөн. Тек сонда ғана қалауыңызды жүзеге асыра алсыз. Тағы бір ескеруге тұрарлық маңызды сәт - тойхананың орналасқан жері. Бұл да маңызды орын алады. Ең дұрыс таңдау қала іші немесе ортасында орналасқан тойхана. Қаланың әр шетінен келетін қонақтардың жетуі оңай болуы үшін. Бірақ қала ортасынан тойхана жалдау құны ұлғаятынында ескеріңіз. Оның сыртқы көрінісі мен орналасқан орны да маңызды рөл атқарады. Оған қоса тойхананың жеке көлік тұрағы болуын ескеріңіз. Келген қонақтар өз көліктері үшін алаңдамай сенімді отыруы үшін.

Келесі кезек ас мәзірінде. Тойхана қандай ас мәзірін ұсынады, сіздің талғамыңызға сай ма? Немесе, түрлі еуропалық, шығыс, ұлтық немесе басқа да ас үй тағамдары бар ма? Әлде, сіз тойхананың ұсынған дайын ас мәзірін емес, өзіңіздің қалауыңыз бойынша жаңа ас мәзірін құрғыңыз келеді ме? Дайын ас мәзірін таңдау бір жағынан сіздің уақытыңызды үнемдеуіңізге мүмкіндік береді. Ал, жеке ас мәзірін қаласаңыз бұл тойхананың қызмет көрсетуіне байланысты болады. Дегенмен, егер сіз қыз ұзату жасайтын болсаңыз дастарханда негізінен ұлтық тағамдар болатыны белгілі. Бұл да сіздің таңдауыңызға байланысты.

Ең соңында қыз ұзату, мерейтойға тойхананы жалдау құнын біліңіз. Жалға алу құны қанша? Алдын ала төлем жасау міндетті ме? Оған қосымша қызметтер кіреді ме? Мысалы: кейбір тойханаларды жалдау құнына музыкалық жабдықтар, безендіру сияқты қосымша қызметтер кіреді. Дұрыс таңдау жасау үшін әрине таңдалған тойхананы өз көзіңізбен көрген дұрыс. Бұл соңғы шешімді жасамас бұрын, қызмет сапасына көз жеткізу үшін керек.

Тойбизнес.кз сайтынан сіздер өз қалауыңызға сай кез келген тойхана/мейрамхана/кафе/асхананы таба алсыз. Біз сіздерге қыз ұзату/мерейтойды өткізу  үшін мүмкіндігіңізге сай түрлі тойханалардың кең таңдауын ұсынамыз.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.