Тойға фотограф таңдау

Тойға фотограф таңдау

Той. Біздің есімізде мәңгі сақтағымыз келетін өміріміздің жарқын оқиғасы. Алайда, қонақтар жиналады, тілектер айтылып, сыйлықтар сыйланады, ойын-күлкі таусылып туыс-туған, дос-жарандардың барлығы үйлеріне тарқайды. Ал бұл керемет күннен естелік ретінде тек саусағыңыздағы неке сақиналары мен, тойдың фотосуреттері ғана қалады. Сондықтан да, тойда қалыңдық пен күйеу жігіттен кейін маңызды екінші орынды фотограф алады. Әрине, ол кешті көңілді әрі қызықты етіп өткізуге күш салатын той жүргізушісі - асабаны есепке алмағанда. Міне осы себептен де тойға фотограф  таңдау кезінде аса жауапкершілікпен қарау керек. Фотограф таңдауды екі-үш ай бұрын бастаған жөн. Себебі, біріншіден - кәсіби фотографтарға тапсырыс бірнеше ай бұрын беріліп қояды, сондықтан бос  уақыты болмай қалуы мүмкін. Екіншіден, егер қандайда бір тосын оқиға орын алатын болса басқа фотографпен келісім жасауға уақытыңыз болуы керек. Өміріңіздің ең жарқын сәтінен қалатын естелік өзіңіздің көңіліңізден шығатындай әдемі болуы керек. Ендеше, тойға фотограф қалай таңдау керек?

Тойға фотограф таңдауБіз сізге фотограф таңдау кезінде қажетті ең маңызды кеңестерді береміз. Ендеше қағаз, қаламыңызды алып өзіңізге ескерту ретінде түртіп алыңыз. Фотографпен кездесу кезінде мынадай бес жағдайға көңіл бөліңіз. Тек сонда ғана тойыңыздың ең әсерлі және қуанышты сәттері әдемі фотосурет ретінде өміріңіздің қалған бөлігінде жиі қарап, тамсанып еске алатындай болып шығатынына сенімді боласыз.

  1. Таңдалған фотографтың жұмыстары сізге ұнайды ма?

Интернет. Жақсы фотограф қашан да өз сайтында жұмыстарының портфолиосын, фототүсіріліммен айналысуды қалай бастағаны туралы оқиғасы және өзінің байланыс телефондары мен жұмыс мекен-жайы туралы ақпарат қалдырады. Тойбизнес.кз сайтының фото видео бөліміне кірсеңіз ең қызығы басталады: жақсы фотографты таңдау. Таңдауды бірден жасамаңыз. Оның тәжірибесі мен кәсіби шеберлігіне мән беріңіз. Ең бастысы фотографтың үйлену той фото түсірілімдерін қарап шығыңыз. Себебі, сол арқылы сіз фотографтың талғамын, бағытын анықтай аласыз.

  1. Фотографтың сыртқы бейнесі мен мәнері сізге жағымды ма?

Кездесу. Сайтта көрсетілген мәліметтер мен ақпараттар бір бөлек, ал жеке кесдесіп жүзбе-жүз ақылдасып, кеңесу бір бөлек жағдай. Фотографпен әңгімелесу кезінде өзіңізді қалай сезінесіз, ортақ көзқарастарыңыз бен ойларыңыз бар ма? Ол әңгіме барысында өзін қалай ұстайды? Бұның барлығын байқау қажет. Есіңізде болсын фотограф той күні барлық жерде сізбен бірге болады. Сондықтан,  фотографпен тіл табыса аласыз ба соған мән беріңіз. Себебі, бұйыра сөйлейтін, тік мінезді,  әр кезде көңілсіз жүретін фотограф сіздің де көңіл-күйіңізге әсерін тигізеді.

  1. Фотографтың өзінің кәсіби міндеттеріне деген көзқарасы қандай?

Кәсібилік. Фотограф әдемі кадрлерді өзі ұсынуы керек. Арнайы қойылған фотолардан бөлек орын алғалы тұрған қызықты сәттерді алдын ала сезіп, кадрге алып қалуда қырағылық танытуы керек. Әсіресе той алдындағы love story түсірілімі кезінде жас жұбайларды түрлі қимылда түсіріп, өз ұсыныстарын көрсетіп, барынша әсерлі фото түсірілім жасауы керек. Сонымен қатар, фотографтың фото түсірілімге арналған кәсіби жабдықтарының (фотокамера, объектив, жарық, штатив және т.б) болуына мән беріңіз.

  1. Той фотографының қызмет құны?

Фотографтың қызмет құнын біліп қана қою маңызды емес, сонымен қатар ол ақшаға қандай қызметтер кіретінін де анықтап алу керек. Кейбір фотограф қызметі арзан болғанымен оның қызметтері тек түсірілім жасаумен шектелуі мүмкін. Ал кейбірінің қызмет құны жоғары болғанымен оған түсірілім, дискке жазу, өңдеу сияқты қызметтер кіреді.

Тойдың боларынан боладысы қызық демекші мереке қамына кіріскенде есте сақтау керек заттар көп. Бұл қуаныш ең алдымен қалыңдық пен күйеу жігіт үшін ерекше толқынысты сәт. Біз ескеру керек жайттарды атап өттік. Ендігі кезек сізде. Айта кетейік, тойбизнес.кз сайтынан сіз өзіңіздің талғамыңыздан шығатын және қаржылай мүмкіндіктеріңізге сай фотографтарды таба аласыз.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.