Бойдақтықпен қоштасу

Бойдақтықпен қоштасу

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам жастық шағымен қоштасу күнін өткізіп жатады. Бұл - біраз елде қалыптасып, дәстүрге айналып үлгерген. Мысалы, шет елдерде дәл осы күні жігіттер қауымы өздеріне еш шектеу қоймайды. Барғысы келген, көргісі келген істердің барлығын өкініп қалмас үшін істеп көреді. Бұл күні тіпті өзінің тұратын жерінде емес басқа қалаға, елді мекенге аттанатындар қатарыда көп. Және бірнеше күнге созылуы да мүмкін. Бұл қалыпты жағдайға айналған. Сол сияқты бізде де бойдақтықпен қоштасу (мальчишник) дәстүрге айналған деуге болады.

Отбасын құрып отағасы болғаннан кейін жігіттер жас күніндегідей бойдақ достарымен қыдырып, әр жерге барып жүре алмайды. Себебі, отағасы, балаларының әкесі болғандықтан отбасы ортасында болады, қызметінен кейін үйінде күтетін сүйікті жары болғандықтан, соған асығады. Ал жастық шақ пен көңілді кештер сырғып кейінге қала береді. Сондықтанда үйлену тойы алдында барлық жақын достарын шақырып қамсыз бойдақ өмірімен қоштасу үшін көңілді кеш өткізеді. Отбасы болғанан кейін жігіттіңде бойдақ достарына деген ойлауы, көзқарасы да өзгереді. Сондықтан достары баратын жерге барғысы келмеуіде мүмкін. Мектеп кезіндегі, студенттік шақтардан, қызмет барысында жолықтырған жақын достармен әр түрлі тақырыпта әңгіме дүкен құрады. Қызық сәттерді еске алады. Өзіне үйреншікті, өзін еркін сезінетін және қолдаушы болатын достардың арасында кеш өткізу, жалындаған жастық шақтардан жақсы естелік болып қалады. Бұл да тойдың бір бөлігіне айналып үлгерді. Дәл осылай қыздар қауымы арасында да өтуі мүмкін. Өтіп те жүр.

Бойдақтықпен қоштасудың арнай талаптары мен міндеттері жоқ. Оны әр жігіт өз қалауы бойынша, кез келген жерде немесе кез келген ортада өткізе алады. Кештің арнайы өтуі керек орны жоқ немесе ол үшін арнайы рәсімдер қарастырылмаған. Мысалы, жігіттер өздерінің қызығушылықтарына байланысты караоке клубқа, ойын атыс алаңына (пейнтбол), жарыс алаңына, ыстық саунаға да барып жатады. Бұл әрине ортаңыздың қызығушылығына байланысты болғаны жөн. Себебі, біріне қызықты болса, біріне аса қызығушылық тудырмауы мүмкін. Ал немқұрайлылық кештің көңілсіз өтуіне әкелетін бірден-бір себеп. Жігіттер отырысын классикалық үлгіде клубта немесе мейрамханада орын жалдап аста төк дастарған басында өткізу жиі кездеседі. Нағыз жігіттерге арналған аз мәзірі мен бүгінде жиі кездесетін кальян жалдап, кәуәпханада өткізетіндер ретіде көп. Арнайы бір сценарий желісімен өткізу міндет емес деген күннің өзінде де, кеш үшін құрған жоспардың болғаны жөн. Кез келген кештің сәнін кіргізу оның қалай ұйымдастырылғанына тікелей байланысты. Мысалы, арнайы орын жалдайтын болсаңыз безендіру қызметіне жүгінуге болады. Кеш жалпы әңгіме дүкенге құрылғанымен, онда қызықты, көңіл көтеретін бөлімдері болғаны жөн. Ол үшін арнайы ойындар тізімін дайындауыңызға болады. Ол нағыз жігіттер қауымына арналған ойын болуы қажет. Кешті ұйымдастыру, өтетін орнын іздеу, безендіру және басқа да өнімдер мен қызмет түрлерін TOi BiZNES.kz сайтынан таба аласыз. Онлайн интернет порталдың ұялы қосымшасы да іске қосылған. Бұл сізді артық әуре-сарсаңнан арылтады. Сіз портал қызметін тек бір кештің ұйымдастырылуында қана емес, алдағы уақытта болатын үйлену тойы, туған күн, мерейтой, басқа да ресми кездесулер мен мерекелердің ұйымдастырылуы үшін қолдана аласыз. Бұл сіздің сенімді мерекелік кештерді ұйымдастыратын көмекшіңізге айналады.

Сонымен, қорыта айтқанда бойдақтықпен қоштасу (мальчишник) кеші қайда, қалай өтетіні маңызды емес ең бастысы сіз оны қалай ұйымдастырығыңыз келеді. Мүмкін ол сіз бұрын барып көрмеген жер немесе істеп көрмеген іс болуы мүмкін. Бұл - өз қалауыңызды жүзеге асыру.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі