Тойға асабаны таңдау

Тойға асабаны таңдау

Той – өмірімізде орын алатын ең жарқын және маңызды мерекенің бірі. Оны өз ойымыздағыдай әсем әрі әсерлі қылып өткізуді қалаймыз.  Сондықтан да, мерекелік кешті ойдағыдай ұйымдастырып, көңілді өтуін қамтамасыз етіп, өз қолына алатын адам қажет. Үйлену тойы үшін ол әрине – Асаба. Тойдың жақсы өтуінің 90% жақсы таңдалған асабаға байланысты. Себебі, ол тойдың әр бөлімін назарда ұстап, қонақтардың шашырап, бірін-бірі тыңдамай кетуі сияқты басқа да тосын оқиғалардың алдын алады. Қуанышқа келген әрбір туыс-туған, дос-жарандардың әрқайсысы жас жұбайларды жеке құттықтап, тілек айтып, сыйлықтарын табыстағысы келеді. Міне осындай сәттерде олардың бәрін ыңғайлап, кезекпен сөз беріп, әрбіреуіне мән беріп, қонақтардың назарын аударту үшін асбаның қосар үлесі ұшан теңіз.

Асабаның қажеттілігі мен тойда алатын орнының қаншалықты маңызды екенін білдік. Енді: «Асабаның көрсететін қызметтері қандай?», «Мерейтой/үйлену тойына асабаны қалай таңдау керек?»,  «Арзан той жүргізушісі?» және т.с.с  көкейімізде ойнайтын сансыз сауалдарға жауап іздеп көрейік. Біз білетіндей кез келген тамаданың өзі жұмыс жасайтын арнайы жоспарлары, дайын сценарилері болады. Әрбір тұтынушының қалауы бойынша алып тастайтын немесе қосатын ұсыныстары қарастырылады. Ал жалпы той, алдын ала дайындалған жоспар бойынша өтеді. Тойға асабаны таңдауАсабаның той жүргізу стилі көңілдерінен шықпай, әзілдерін ерсі көретіндер де бар. Бұның ең дұрыс шешімі кәсіби той жүргізушісін таңдау. Себебі, кәсіби жүргізушінің қоржынында қашан да бірнеше тойға арналған тың ойлары, жоспарлары болады. Оның ішінде: романтикалық, көңілді, европа стилінде және қазақтың ұлтық той өткізу түрлері бар. Жақсы жүргізушінің міндеттері өте көп. Ол: қонақтарды орындарына жайғастырып, жас жұбайларды/мерейтой иелерін күтіп алып, салтанат залына қошеметпен кіргізу, ойын-сауық бағдарламасын жасау, жарыстар өткізу, тілек айту кезінде қонақтардың шығу ретін ұйымдастыру және оларға арнайы уақыт бөлу, музыканы қадағалау, қонақтарды уақытылы биге шақыру, той кезінде орын алған тосын оқиғалардың дер кезінде шешімін табу сияқты сансыз қызметтерді өз қолына, жауапкершілігіне алады. Сонымен қатар, шақырылған әртістерді шығару, диджей жұмысын, музыканы қадағалау, жалпы мерекелік кештің көңілді әрі қызықты, есте қаларлықтай әсерлі өтуіне жауапты. Кәсіби жүргізуші бұл қызметтердің барлығын айтқызбай-ақ біледі.

«Мерейтой/үйлену тойына асабаны қалай таңдау керек?». Кәсіби асабаны табудың ең ұтымды шешімі оның жақсы ұйымдастырушы екендігіне көз жеткізу. Ол үшін сіз тамаданың жұмысын қонақ ретінде бағалап көруіңіз керек. Бірақ, сіз таңдаған асабаның жұмысына куә болу барлығымыз үшін мүмкін бола бермейді. Бұндай кездерде кәсіби жүргізушінің сізге ұсынатын фото, видео портфолиосы болу керек. Сол арқылы сіз жүргізушінің жұмысын бағалап, жақынырақ  танысып, шешім қабылдауға мүмкіндігіңіз болады. Таныс, достарыңыздың ұсыныстары да жүргізуші таңдауға септігін тигізе алады. Дегенмен, бірден шешім қабылдауға асықпаңыз. Себебі, әрбір адамның талғамы әртүрлі досыңызға ұнағанымен ол сізге жақпауы мүмкін. Бұндайда ең дұрыс шешім асабамен жеке кездесу өткізу. Кедесу кезінде асабаға қойатын сұрақтарыңызды дайындап алыңыз. «Жүргізушілікпен айналысқанына қанша уақыт болды?», «Асабаның қандай қызметтері жұмыс құнына кіреді және қосымша уақыт қанша тұрады?», «Төлем қалай жүргізіледі?», «Той иесі тарапынан не дайындау керек?» және т.б. Алаяқтарға тап болмас үшін алдын ала төлемнің қалай жасалатынын, қандайда бір келісім құжаттары болуын немесе кепілдіктің болуын қадағалау керек. Егер төлемнің көп бөлігін алдын ала талап етсе, қағаз жүзінде ресми кепілдік беруі керек. Бұдан бөлек тойдың шоу бағдарламасын да талқылау керек. Тойда қандай ойын-сауық, жарыстар өткізіледі, кімдерге, қандай ретпен сөз беріледі, музыкалық үзіліс неше рет болады, қандай киімдер, әртістер ретінде кімдерді жалдауға болады, қандай музыкалар ойналады және т.б. Бұның барлығын той иесі мен асаба алдын ала талқылайтын болса той жоғарғы деңгейде өтеді. Тағы бір ескере кететін жайт тойдың жақсы өтуіне кәсіби жүргізуші кепіл бола алады.  Ал, кәсіби мамандар қашан да сұранысқа ие. Олардың әрбір күні қандай да бір мерекеге  жоспарланған.  Сондықтан да жүргізушіге келгенде қаражатты үнемдеудің қажеті жоқ. Дегенмен, біздің TOiBiZNES.kz сайтынан жоғарыда аталған барлық талаптар мен қаржылай мүмкіндіктеріңзге сай асаба/жүргізуші қызметтерін таба аласыз.  

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.