Мерейтой

Мерейтой

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын күндердің бірі ретінде есте қалады. Бұл күнді жыл сайын атап өту де отбасылық мерекеге айналған. Үйлену той күнін атап өту ғашықтар жыл сайын бастарынан өткен қиындықтары мен реніштерін ұмытып ара-қатынастарын нығайта түсудің бір көрінісі. Осы уақыт аралығында бірге бөліскен қуаныштарының жетістігі. Отбасы болғандарына жыл қосылған сайын ғашықтар арасындағы махаббат ұлғая түседі, жаңа бір белесті бағындырады.

Үйлену тойына жыл толған сайын оған байланыстырылған атауы да бар. Бұл еліміздің той жүргізу мәдениетінде ежелден қалыптасқан. Оның ішінде: шаңырақ құрғанына бір жыл толғанда – шыт той, бес жылғысы – ағаш той, он жыл толғанда – раушан той, он бес жыл болғанда - әйнек той, отасқандарына жиырма жыл толғанда -  фарфор, ал жиырма бес жыл – күміс той болса, отыз жылдығы – інжу той деп аталады. Бұдан әрі кенен той, лағыл той, алтын той, гауһар той, темір той, тас той, игілі той аталып өтсе, өмірдің қызығы мен шыжығын бірге өткізіп, бірге мұңайып бірге қуанған, бала-шағасын жеткізіп, немере-шөбересін көріп, той тұғырының ең шыңына жетіп, үйленгендеріне жетпіс бес жыл толғанда, бірі жетіп бірі жете бермейтін тәжді тойды атап өтеді. Бұл ерлі-зайыпты болып сүрген өмірдің өз мақсатына жеткені.

Әрине бұл қос ғашықтың жеке мерекелері болғандықтан, сыйлыққа, қуанышқа, романтикаға толы болатыны анық. Бұл арқылы ғашықтар отбасындағы бақыт пен шаттықты ұлғайтқысы, нығайтқысы келеді. Бұл күні жасалатын сыйлық та, тосын сый да әрине ерекше болғаны жөн. Елең еткізер тосын сыйдың түрлері де күн өткен сайын жаңарып, түрлене түсуде ендеше, жарым деп таңдаған жұбымызға неліктен осындай қуаныш сыйламасқа. Арадағы махаббат пен адалдықты нығайтатын сыйлық сыйлап атап өту арадағы сыйластықты артыратыны анық қой. Отау құрған алғашқы жылдары ғашықтар әлі жас болғандықтан бұл мерекені өз араларында атап өткісі келеді. Бір жыл бес жыл толған кезде жұбыңызға не сыйласа, қандай кеш ұйымдастырса болады? Сәйкесінше отыз, қырық жыл толғанда қалай өткізсе болады?

Бүгінде кез-келген мерекені ұйымдастырып беретін ұйымдар, агенттіктер жетіп артылады. Оның ішінде үйлену тойының мерейтойын да өз ойыңыздағыдай етіп ұйымдастырып береді. TOiBiZNES.KZ көпфункцияналды, ақпараттық порталы арқылы сіз өз ойыңыздағы тосын сыйды ұйымдастыра аласыз. Мысалы, үйленгендеріңізге бір жыл толуына байланысты жарыңызға алғашқы кездескен жеріңізде немесе үйленуге ұсыныс жасаған жеріңізде ерекше шырақдандармен безендіріп романтикалық кешкі ас ұйымдастырсаңыз болады. Ал ол үшін мереке орнын безендірушілердің көмегіне жүгіне аласыз. TOiBiZNES.KZ сайтында таңдау мүмкіндігі мол. Сіз өз қаражатыңыздың көлеміне қарай қызмет көрсетушіні өзіңіз немесе сауалнама толтырып әкімшілік ұсынған қызмет түрлерін таңдай аласыз. Бұдан бөлек бірегей ерекше сыйлық ұсынатын қызмет түрлеріне, ұйымдардың қызметіне жүгінсеңіз болады.

Қандай той болмасын оны ерекше есте қалатын, арманыңыздағыдай ғажайып етіп атап өтуге мүмкіндік мол. Ол үшін қашан да TOiBiZNES.KZ порталының көмегіне жүгіне аласыз.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.