«Девичник» - құрбылар кеші

«Девичник» - құрбылар кеші

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қоштасу кешін өткізетін жігіттерге қарап, қыздар кешін (девичник) ұйымдастыруды шығарған. Қалыңдықтың ешкімге тәуелсіздігі мен ерке, бейқам өмірімен қоштасуы.

Сүйген жарын кездестіріп отбасының ұйтқысы болатын, аяулы жар, ардақты ана болатын қалыңдық - үйлену тойынан кейін, негізінен үйде болады. Өзінің келіндік қызметін атқарады. Ал біздің елімізде келіннің қызметінен уақыт артылмайтыны белгілі. Келін атанғаннан кейін қыз баласы құрбыларымен кездесіп, қыдырып, көңіл көтере алмайды. Бойжеткен шағындағыдай емін-еркін жүруіде қиындайды. Сондықтан болар қыздар қауымы да той алдында құрбыларымен кездесіп, қызықты әрі көңілді кеш өткізуді қалайды. Бүгінде қыздар кешін өткізудің түрлі стилі, түрлі бағыты бар. Ұйымдастырушылар саны да күн санап артып, түрлі жаңалықтар енгізуде. Сылқым арулар да өз кешінің ешкімге ұқсамайтын айрықша, тың ойда жүзеге асқанын қалайды. Ол үшін өз идеяларын жүзеге асырып немесе кеш (девичник) ұйымдастырушыларының көмегіне жүгінеді. Кешті өткізуге байланысты арнайы рәсімдер реті қарастырылмаған. Сондықтан түрлі стилде өткізуге болады.

Той алдындағы құрбылар бас қосуы арнайы бір орынмен, бір стильмен шектелмейді. Барлығы фантазияға және қалыңдық типіне байланысты. Барлық қыз бойжеткендер бір жаста тұрмыс құрмайтыны анық. Және тұрмысқа шығу оқиғасы да сан алуан. Бірі бойжетіп қызғалдақтай құлпырған, он сегізден енді асқан шағында тұрмысқа шықса енді бірі орта жаста. Мысалы, бұл үш түрлі қалыңдыққа бірдей стильдегі  құрбылар кешін ұйымдастыра алмаймыз. Жастар көбіне би кеші, караоке, түрлі квест стилінде өткізуді қалайды. Орта жастағы нәзік жандылар неғұрлым қарапайым, арнайы жалданған мейрамхана немесе жаздық алаңда, болғанын қалайды. Құрбылар кешін ұйымдастыруда қалыңдықтың басты көмекшісі оның тойдағы құрбысы болады. Дегенмен, қалыңдық кешін басынан аяқ ұйымдастырып беруші агенттіктер бүгінде жетіп артылады. Бұл қызмет түрлерін ғаламтор желісінен қиналмай табуға болады. Олар сіздің кешіңіздің тақырыпқа сай декорациялық безендірілуін, кеш стиліне сай тортқа, қалыңдыққа және оның құрбыларына арналған бірдей киімге немесе бұйымға, кеш өткізетін орынды таңдауға жауапты болады. Әрине, барлығы да сіздің пікіріңізді, қалауыңызды білгеннен кейін жүзеге асырылады. Құрбылар кеші (девичник) екендігін байқататын барлығында бірдей аксессуар болуы кейінгі кештерде жиі кездеседі. Ол бірдей түсті фата, шашқа арналған алқызыл роза гүлдері, қолға тағуға арналған, арнайы жасалған бутоньерка, бір түсті көйлектер  болуы мүмкін. Бұның барлығын сізге ұйымдастырушылар ұсынады. Жалпы қалыңдықтың той алдындағы кешін ұйымдастыру белгілі деректерге байланысты 5000 теңге мен 70000 теңге аралығында болады екен. Бұның ішіне жоғарыда аталған қызмет түрлері кіреді. Әрине, барлығы өз қалауыңыз бен қаржылық мүмкіндіктеріңізге байланысты. Осы мүмкіндіктерді ескере отыра Toi biznes.kz сайты сізге мерекелік кеш ұйымдастырудағы түрлі қызмет, өнім түрлерін ұсынады. Ұйымдастыру жөніндегі өтініштеріңізді сайт әкімшілігінің қарауына сауалнама толтыру арқылы қалдыра аласыз. Тілектеріңіз бен талаптарыңызды орындауға қауқарлы немесе өтініш білдірген қызмет ұсынушы сізге өзі хабарласады. Сайт өз тұтынушыларының көңілінен шығып үлгерген. Отбасылық өмірдің алдында барлық жақын құрбыларыңызды жинап әсем көңіл-күймен әсерлі кеш өткізуді тілейміз. Артық кетпеуді және шектеліп қалмауды ескеріңіз. Сәттілік!

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі