Мейрамхананы жалдау

Мейрамхананы  жалдау

Мейрамхана  тамақ жеу үшін ғана салынған орын емес. Мұнда адамдар демалады, кездесу өткізеді, той ұйымдастырады. Бұрын мейрамхана тек қана тамақ ішуге ғана араналған орын болатын, бірақ қазір заман өзгерді. Енді мейрамхана жан жақты орынға айналды. Тарихқа сүйенетін болсақ, бірінші мейрамхана орта ғасырларда ашылғанын білеміз. Мейрамханаға ұқсайтын орындар  Қытайда ашылды. Бұл мейрамханалар Тан әулеті басшылық жүргізген кезде ашыла бастаған. Ең ежелгі мейрамхана бұл «Бакит Чикен Хаус». Батыс жақта мейрамханаға ұқсайтын трактирлер болған. Трактирлер жолаушыларға, саяхатшыларға арналып салынған. Ол жерлерде тамақтан бұрын ішімдік көп сатылатын. Ал алғашқы мейрамханалар 17-18 ғасырларда ашылған. Қазіргі таңда мейрамхананың түр түрі бар. Олардың айырмашылығы тағамның түрлері мен дәрежелерінде. Мейрамханалық кәсіп қазіргі таңда танымал кәсіп болып есептеледі, себебі қызмет көрсету және туризм салалары өте қатты дамуда. Туристер басқа мемлекеттке саяхатқа барғанда, бірінші кезекте сол елдің тағамдарымен танысқысы келеді. Сол себептен олар мейрамханаларға жиі барады. Тағы мейраманалық кәсіптің танымал болуының бір себебі, ол оның жанжақтылығы. Мейрамханаларға бірінші кезекте адамдар демалу үшін келеді. Сол үшін мейрамханада адамдар жақсы демалсын деп, мейрамханаларда арнайы әншілер бишілер қызмет атқарады 

Мейрамхананы  жалдауҚазақстанда да мейрамханалық кәсіп қатты дамыған. Себебі қазақ халқы тойды жақсы көреді және қазақтарда өте көп тойлар болады. Мысалы бізде құда түсу, келін түсіру, сүнде той, тілашар, тұсау кесер, қыз ұзату, үйлену және басқа да көптеген тойлар бар. Сол тойлардын бәрін, қаланың адамдары мейрамханаларда өткізуге тырысады. Оның үстіне барлық халық тойлайтын мектеп бітіру кеші, туған күн, мерей тойлар да мейрамханаларда тойланады. Сол себептен адамдар алдын ала келісіп, мейрамхананы жалдап қояды. Жалдау бағасына келетін болсақ, бұнда бағалар қымбат және арзан болуы, бірнеше себептерге негізделген. Бірінші себеп мейрамхананың қай қалада орналсақаны. Мысалы Алматыда орналасқан мейрамханалар Астанадағы мейрамханаларға қарағанда қымбат болуы мүмкін. Екіншіден мейрамхананың дәрежесіне қарай бағалар қымбат немесе арзан болуы мүмкін. Үшіншіден тойдың үлкен, немесе шағын болуына және тойға келетін адамдар санына байланысты бағалар өзгеріп отырады.  Мысалы үйлену тойға адамар көп келеді, сол себептен мейрамхананың жалдауы қымбат болады. Ал туған күнге адамдар аз келеді, сол себептен бағасы арзан болады. Егерде той немесе басқа да жиын өткізуге мейрамхана іздесеңіз, біздің сайтта неше түрлі мейрамханаларды таба аласыз. Ол мейрамханалардың бағалары қолайлы болады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.