Көкпар

Көкпар

Қазақ қоғамында бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Ертеде қазақтар, балаларын кішкентай кезінен ақ үлкен өмірге дайындаған.  Мысалы бала туылғанда оның бесігіне, жігітке сай заттарды іліп қоятын. Бұны балам өскенде берік болсын деген ниетпен істеген. Себебі ешқандай ата ана баласының әлсіз болуын қаламайды. Бала үш немесе төрт жасқа келгенде оны атқа мінуді үйреткен. Мініп үйренген соң, әр ата ана баласының құрметіне Ашамайға мінгізу тойын жасайды. Ұл бала жетіге немесе сегізге толғанда, ол алғашқы рет аттың үстіне мініп сапарға аттанатын. Баланың әке шешесі, осын кездің құрметіне Тоқымқағар ұйымдастыратын. Тоқымқағар, ашамайға мінгізу және т.б қызық дәстүрлер туралы мақалаларды, біздің сайтта таба аласыздар. Кейін бала есейгенде, оның мықтылығы, күштілігі, батылдығы ұлттық спорт түрлерінде тексеріледі. Көкпар ойыны осындай спорт түріне жатады.

Көкпар қазақ халқының ұлттық ойыны болып есептеледі. Бұл спортты қазақ халқы бұрынғы кездең ойнап келеді. Осы ойын той тамалақтарда, салтанатты жиындарда өткізілген. Бұл ойынды жауынгерлердің өнері деп те айтса болады. Көкпарға лақ немесе серке таңдалып алынады. Лақты тайға мінген кішкентай балалар тартады. Ал серкені ересек адамдардар таңдайды. Ойынның атауы көк бөрі сөзінен шыққан. Өйткені мал баққан көшпенді халықтар көк бөріні ұстап, кейін соғып алып, бір бірінен ала қашып, таласқан. Кейін көк бөріні, малға ауыстырып, ұлттық ойынға айналдырған.  Осы ойын орта азия елдерінде кең таралған. Қырғыздар үшін де бұл ойын ұлттық болып табылады.  1949 жылы көкпар бойынша, алғашқы ережелер бекітілген. Ал 1958 жылы көкпарды арнайы алаңдарда өткізу жайлы шешім қабылданды. Қазіргі кезде бізге белгілі көкпардың көптеген түрлері бар. Мысал ретінде жаппай тарту, ұтысып тарту,дода көкпар, айналма, көкпар, мәре көкпар және т.б түрлерді келтірсе болады. Әр түрдің ережесі  де әр түрлі болып келеді. Ең маңыздысы додаға салынған серкені алып қашып, басқалардан тартып алу керек. Қазіргі таңда көпардың дәрежесі халықаралық деңгейіне көтерілген. Және көкпардың дамуына үлкен қаражат бөлінеді. Жыл сайын көкпардаң халықаралық, республикалық, әлемдік жарыстар өтеді. Жарыстар арнайы алаңда өткізіледі. Алаңға сай ережелерде бекітілген. Ереже бойынша арнайы алаңға екі команда шығады. Алаңға қазандық қойылады. Қазандықтың диаметрі үш метр болады. Ереже бойынша әр командада он екі көкпаршы болуы керек. Оның төртеуі алаңда болады. Қалғаны қосалқы құрамда болады, кейін олар бір бірін ауыстырып тұрады.Көкпаршылар үшін серке дайындап, алаңнын ортасына қояды. Серкенің салмағы отыз немесе отыз бес келі болуы керек. Кейін әр команда қарсыласының қазандығына серкені тастауы керек. Қай команда серкені көп рет қазандыққа тастайды, сол команда жеңіскер болып есептеледі. Қазіргі кезде халықаралық көкпар жарыстары осылай өтіп жатады. Жарыстарға Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Монғолия және тағы да басқа мемлекеттер қатысады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі