Қыз қуу

Қыз қуу

Қазақ халқы бұрынғы заманнан бері той, мейрам, мереке және де тағы да басқадай көңіл күйді көтере алатын жиындарды өткізе алатын халық. Ауыл аймақ жиналатын дәстүрлі мерекелік жиындардың түрлері қазақтарда жиі кездесіп тұрады. Олардың түрі көп. Тойлардың ең маңыздысы үйлену той болып есептеледі. Алыстан қонақ шақырылып ұлан асыр той жасайтын да дәстүр бар. Ұлан асыр тойларға көптеген үйлер, шатырларын тігетін. Бұрыңғы кездегі тойлар далалы жерде өтетін. Қазіргі кездегі тойлар заманға сай болып мейрамханаларда тойланады. Егерде сіз тойға жақсы мейрамханаларды іздесеңіз, біздің сайтта жақсы мейрамханаларды таба аласыз. Тойда ойналатын ойын түрлері де көп. Қазақтың ұлттық ойындарына ат бәйгесі, көкпар, қазақша күрес, күш сынасу, қыз қуу және тағы да басқа ойындар кіреді.

Жоғарыда айтылған ойындарға жеке тоқталып кетсек, дұрыс болады деп есептейміз. Кез келген тойлар, ас беру шаралары, үлкен немесе кішігірім мейрамдар ат бәйгесінсіз өтпейтін. Ат бәйгесінің түрі өте көп. Түрлері аттың жасына қарай ұйымдастырылады. Ат бәйгесінің ең ұзағы отыз шақырым болады. Мынадай ат жарыс түрін Аламан бәйге деп атайды. Осы бәйгені ұтқан адамға ең қымбат жүлде береді.

Көкпар қазақтың ұлттық ойын бәсекесі. Адамдар аттың үстіне мініп ешкінің немесе қойдың терісін тартысады. Кейбірде өлі малдың басын кесіп, тартысады. Қазіргі кезде адамдар екі топқа бөлініп тартысады. Екі топ арнайы алаңға шығады. Алаңда екі шеңбер болады. Шеңбердің диаметрі 5-6 метрді құрайды. Топтардың мақсаты бір бірлерінің шеңберлеріне қойды тастау. Қай топ шеңберге көп рет қойды тастайды, сол ұтады.

Қазақ халқының тойларында күш сынасу сайысы жиі болатын. Адамдар түйе немесе өгіз көтеріп жарысатын. Кейде тас көтеріп жарысатын.  Қай адам ең ауыр затты көтерсе, соған үлкен сыйлық беретін.

Қазақша күрес қазақ халқының ұлттық спорт түрі болып есептеледі.  Қазақ күресі көбінде салтанатты жиындарда өткізіледі. Бұрыңғы кезде әрбір ауыл, ру, тайпа өзінің мықты палуанын күрестіруге алып келетін. Ел ішінде үлкен салмақтағы палуандардың күресі ең қызықты болған. Олардың салмақтары 100 келіден жоғары болуы керек. Осы палуандарды түйе палуан деп атайтын болған. Олар өздерінің арасында мықтыларды анықтап күресетін. Ереже бойынша, жеңіске жету үшін қарсыластың екі жауырынын жерге тигізу керек. Жеңімпаз палуан ел арасында үлкен мәртебеге ие болған.

Қыз қуу қыз бен жігіттің атқа мініп, бірін бірі қуатын ойын түрі. Ойынның шарты бойынша қыз бен жігіт атқа мінеді. Кейін атқа мінген қыз белгілі жерге дейін шауып қашу керек, ал жігіт оны қуып жетіп сүйуі керек. Қуып жете алмаса, қыз қамшымен жігітті қуып, оны қамшымен ұрады. Бұл ойын ғашықтардың сезімдерін білдіреді, немесе қыз бен жігітті таныстыру мақсатында істеледі.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі