Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Халқымыз ежелден-ақ «қызына қылықты қылып, ұлына – ұлық қылып» тәрбие берген. Қызды отбасының тірегі, шаңырақтың ұйтқысы қылып, бала тәрбиелейтін аяулы ана болуға тәрбиелесе, ер баланы батыл, отбасыны асырайтын, қамқоршы қылып өсіреді. Отбасында берген тәрбиеден бөлек бүкіл салт-дәстүр, өмір сүру дағдысының өзі тәрбиеге үлкен мән береді. Солардың ішінде қазақтың ұлттық ойындарын алып қарастыруға болады. Әрбіреуі ақыл-оймен қадам жасап, епті болуға баулыйды. Тек тәннің күштілігін ғана ескермей, ақылмен ойлап, кедергіден тапқырлықпен өту, жолын іздеуге шақырады. Қазақ халқында ұлттық ойындардың сан алуан түрі бар.

Алтыбақан, ақсүйек, қыз қуу, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық, аударыспақ, көкпар, бәйге және т.б. Қазақ халқында атпен ойнайтын спорттық ойындар өте көп. Ол баланы шапшаң болуға, епті және тапқыр болуға тәрбиелейді. Бүгінгі күні бұл ойындардың барлығы ойналады. Ұлттық мейрамдарда, тәуелсіздік, жеңіс күні сияқты айтулы күндері бүкіл Қазақстан бойынша ұлттық ойындар ұйымдастырылып тұрады. Мысалға, көкпар. Көкпар – қазақтың ат спорттық ойындарының бірі. Көкпар осы күнге дейін халық арасында ойналып тұратын ойындардың бірі. Көкпар Орта Азия халықтарында белгілі болғандықтан халықаралық деңгейде де өтіп тұрады. Ойынның арнайы белгіленген ережесі бар. Онда семіз серке сойылып, оған ойыншылар тартысады. Қазандыққа немесе белгіленген үйге апарған ойыншы жеңімпаз болады. Бұл ойында жігіттік батылдығы, күші сынға түссе атының да бапталуы сынға түседі.

Ұлттық ойындарОйын осы күнге дейін Қазақстанның түкпір түкпірінде ойнатылады. Және әр ауданда сайысқа түсетін құрамалары да бар. Ұйымдастырылу себебі де әртүрлі. Оған да арнайы орын, безендіру, жүргізуші, хабарлаушы дайындалады. Бұндай көлемді ұлттық мерекелерді ұйымдастыру кезінде барынша кәсіби мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Мысалға, Тойбизнес.кз сайты Қазақстанның кез келген қаласында, кез келген мерекені өз деңгейінде өткізуге мүмкіндік береді. Ұлттық мерекелерден бастап, батыстық үлгідегі, отбасылық, жұмыстағы тұсаукесерлер, айтулы күндерге дейін ұйымдастырушылар сайт жарнамаларынан табылады. Мерекені жүргізуші, асаба, өткізетін орын, безендірушілер, мереке ұйымдастырушылары, түрлі жанрдағы әртістер мен әншілер және мереке өткізуге керекті барлық қажеттілікті табуға болады. Сайтта қыз қуу, ат жарыс, алтыбақан, асық сияқты шаралардың жоспарын жасаған, өз деңгейінде өткізген асабалар. Өз қаражатыңыздың көлемін көрсетіп, қызмет түрін таңдасаңыз болғаны сізге ұйымдастырушылардың өздері хабарласады. Тойбизнес.кз көпфункциялы интернет порталы арқылы кез келген мерекені оңай әрі аз уақыттың ішінде жоспарлай аласыз.

Ұлттық ойын ретінде қалыптасқан қандай ойын болмасын өз болмысын бүгінге дейін сақтап жеткендері қаншама. Ерекше әрі сұлу ат спортық ойындарының ішінде қыз қууды айтса болады. Ертеде қыз бен жігіттің арасында ойналатын ойын бүгінде бар, ережесіде өзгермеген. Бұдан бөлек – алтыбақан. Ауыл жастары үшін ойын-сауық, көңіл көтеру ретінде құрылады. Қазір өткізілетін ұлттық мерекелердің сәнін кіргізетін бірден бір ойын түрі. Кешкілік қараңғы түскенде қыздармен жігіттер жиналып, алтыбақанға тербелуге жиналады. Алғашқы жұп тербеліп бастағанда қалған қыз-жігіттер әсем әуенге салады. Алтыбақанға жиналған жастар ай жарығымен ақ сүйек ойынын да ойнайды. Бұл да ұлттық ойындардың бірі. Бұдан басқа да жастар арасында ойналатын спортық ат ойындары, одан басқа ат жарыстар, қыз-жігіттердің ойындары өте көп. Сонымен қатар, ақыл-ойды жетілдіретін ойындар да бар. Оларды бірі тоғыз құмалақ. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы өте тереңде. Екі ойыншы арасында арнайы тақтайшада ойналады. Ойын ақыл мен ойдың ұшқырлығын бағалайды. Қорыта айтқанда қазіргі күнге дейін бізге мұра болып жеткен әрбір ойынның өзінің идеясы бар. Әрбіреуі батылдыққа, батырлыққа, білімділікке тәрбиелейді. Содықтан оны өз ұрпағымызға дәріптеуіміз керек.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.