Аударыспақ

Аударыспақ

Біздің халықта ойын түрлері өте көп. Оның ішінде күш қолдануды талап ететін ойындардың түрлері алуан. Себебі біздің ата бабаларымыз батыр болған,  жерін қорғап қалу үшін көп айқасқан. Сол үшін күштілікті, ептілікті мәжбүр ететін ойындарды ойнаған. Осы ойындар арқылы олар өздерін осылайша үлкен сайыстарға дайындайтын. Күш қолдануды, қырағылықты талап ететін ойындарға көкпар, бәйге, арқан тарту, тас көтеру, қазақша күрес, теңге алу және т.б спорт түрлері кіреді. Жоғарыда жазылып кеткен ойындар адамдарға физикалық тұрғыдан пайда береді. Бабаларымыз өздерін және балаларын осылайша үлкен өмірге дайындаған. Осы ойындар қазіргі кезге дейін сақталып келді, және қазіргі таңда үлкен қарқынмен дамып келе жатыр.

Қазіргі кезде қатты дамып келе жатқан, қызықты ойын ол - Аударыспақ. Бұл ойын түркі тілдес халықтардың бұрыннан келе жатқан ойыны, әрі спорт түрі. Бұрыңғы уақыттарда Аударыспақты той томалақтарда ойнайтын. Қазіргі уақытта осы спорт түрінің дәрежесі халықаралық деңгейде  көтерілуде. Ереже бойынша аттың үстінде отырған қарсыластар бір бірін арнайы әдістермен құлатып, немесе денелерін жерге тигізу керек. Қай шабандоз бірінші болып аттың үстінен жерге құласа, немесе денесі жерге тисе, сол жеңілген болып есептеледі. Бұл спортты «шабандоздардың күресі» деп те атай береді. Жарыстар ереже бойынша арнайы алаңда өтеді. Кейбірде Аударыспақты далалы жерде өткізе береді. Жарыс әділ өту үшін төрешіні шақырады. Жекпе-жек өтетін алаңда бормен шеңбер сызылады. Кейін шабандоздар өз аттарына мінеді. Төреші оларды аланның ортасына шақырады. Кейін төрешінің белгісі бойынша тартыс басталады. Ереже бойынша қатысушылар бір біріне қарсы тиым салынған әдістермен құлатпау керек. Тиым салынған әдістерге беттен немесе денеден ұру, қолды қайыру, беттен қолмен итеру және де тағы да басқа әдістер жатады. Тиым салынбаған әдістерге қолдан немесе аяқтан ұстап құлату, итеріп құлату әрекеттерін жатқызса болады. Және қарсыласты шеңбердің сыртына оның атымен бірге итеріп тастаса болады. Аударыспақ әділ өту үшін қатысушылардың салмақтары бірдей болуы қажет. Жарыстың регламенті бойынша қатысушылар бірнеше салмақтық категорияға бөлінеді: 65 келіге дейін жеңіл салмақтық категориясы болса, 65 тен 80 келіге дейін орта салмақтық балуандардың категориясы болып есептеледі, ал кімнің салмағы 80 килограмм болса, ол балуан ауыр салмақтық болып есептелінеді. Шабандоздардың жекпе-жек уақыты 5 минутты құрайды. Аударыспаққа жасы 18-ге толған жігіттер қатыса алады. Осы спорт күштілікті, ептілікті, батылдықты, төзімділікті талап етеді. Мықты шабандоз болу үшін осы қасиеттердің бәрі адамның бойында болуы тиіс. Жоғарыда айтылған қасиеттер болмаған адамның жиі жеңілуінің ықтималдығы биік болады. Сол себепті бұл спортта үздік болу үшін, көп жаттығу жасау керек.­­ Содан кейін аттың үстінде еркін сезіну үшін, бос уақыттың көбісін атқа мініп үйренуге арнау керек. Аударыспақ – ата-бабаларымыздан қалған мұра. Осы мұраны біз сақтап келешек ұрпаққа жеткізуіміз керек.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі