Арқан тарту

Арқан тарту

Арқан тарту – кең таралған ойын болып есептеледі. Бұл ойын әлем бойынша кең таралған. Арқан тарту бір жағынан ойын болса, бір жағынан тартысты спорт болып табылады. Ойынның тарихы 1900 жылдан басталады. Тарихқа сүйенетін болсақ, 19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында, осы спорт түрінен республикалық және халықаралық деңгейде жарыстар ұйымдастырылатын. 1900 - 1920 жылдары Арқан тарту олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін. Осы уақыт аралығында бұл спорт жеңіл атлетика дисциплинасының бірі болатын. Кейіннен жеке спорт түрі болып қалыптасты. Олимпиада ойындарында бұл спорттан әр елден жеке құрама командалар құралатын. Командалар бір бірімен  тартысып, тартысты бәсекеде жеңіскерді анықтайтын. Әр олимпиадада жеңіскерлер ауысып отыратын. 1900 жылы Швеция құрама командасы чемпион болса, 1904 жылы АҚШ құрамасы жеңімпаз атағына ие болды. 1920 жылғы олимпиадада Арқан тарту соңғы рет олимпиадалық ойындардың арасында болды. Қазақ халқы да осы спортты жақсы көреді. Себебі біздер күш сынасқанды жақсы көретін халықпыз. Қазақтарда осы ойын тойларда, мейрамдарда, басқа да қызық сәттерде ойналады. Жарыстар да осы спорт түрінен жиі өткізіледі. Әсіресе оқушылар мен студенттердің арасында. Мысалы той-томалақтарда ересек адамдар арқан тартысқанды жақсы көреді. Тойға жиналғандар тартысты қызығып тамашалайды. Тойларда жастар өз командаларын, үлкендер өз командаларын құрып топ топқа бөлінеді. Кейін қатысушыларға неше түрлі сыйлықтар беріледі. Наурыз мейрамында «Арқан тарту» жиі ойналатын ойындардың бірі болып есептеледі. Наурызда бірнеше командалар қатысады. Әр адамдар өздерінің таныстарын, туыстарын жинап команда құрайды. Осылайша бірнеше команда құрылып, өз араларында мықтыны анықтайды. Бірінші ұтылған команда жеңілген болып есептеледі. Жеңілген команда бәсекеге қатыса алмайды. Осылайша соңғы команда қалғанша адамдар тартыса береді. Соңғы қалған топ жеңіскер болып есептеліп, бағалы сыйлыққа ие болады. «Арқан тарту» үшін, алдымен үзілмейтін қатты арқан керек. Арқан жіңішке болса, үзіліп кетуі мүмкін. Үзілгеннен соң, қатысушылар құлап, жарақат алулары мүмкін.  Екіншіден арқан ұзын болуы керек.  Себебі арқан тарту барысында әр командада кемінде бес адам болады. Он адам сыйу үшін арқанның ұзындығы кемінде 20 метр болуы тиіс. Ереже бойынша арқанды арнайы алаңға алып келеді. Алаңның үстіне сызық сызылады. Кейін сызықтың үстіне арқан қойылады. Сызықтың үстіне қойылғанда, арқанның екі жағының ұзындығы тең болуы қажет. Сосын екі команда бір біріне қарама-қарсы тұрып, арқанды өзіне қарай тартуды тырысады. Жарыс әділ өтуі үшін, әр командадағы адамдардың салмақтары тең болуы керек. Егерде командалардың мүшелері толық құрамымен  сызықты басып кетсе, жеңілген болып есептеледі. Осы ойында жеңімпаз болу үшін, командалық түсінушілік қажет. Командадағы адамдар біркелкі арқанды тартуы керек. Біркелкі арқанды тартапаса жеңіліске ұшырауы мүмкін.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі