Алтыбақан

Алтыбақан

Қазақ халқының асыл мұрасының тағы бір ажырамас бөлігі – ұлттық ойындарымыз. Білетініміздей қазақтың ұлттық ойындары мәні мен мағынасына қарай әртүрлі болады. Себебі, әр ойынның өз ерекшелігі бар, адамға берері бар. Мысалға спорт бағытына арналған ұлттық ойын түрлері. Оған: бәйге, теңге ілу, көкпар, садақ ату, қазақ күресі, аударыспақ, арқан тартыс және тағыда басқа ұзын сонар ойындар тізімін атауға болады. Бірақ бұл ең танымалдары және осы күнге дейін ұйымдастырылып ойналатын ойын түрлері. Спорт бағытындағы ойын түрлері ер жігітті шымыр, шапшаң, тез ойлануға және шешім қабылдауға, дәлдікке, мықты болуға баулыйды. Бұдан басқа тоғыз құмалақ және асық ату ойындары баланы өзінің ақылына жүгінуге, дұрыс шешім қабылдауға және икемділікке, қарсыласының ойын оқуға тәрбиелейді. Сондай-ақ, бұдан бөлек бір топ ойын-сауық, тұрмыс-салтқа бағытталған ұлттық ойын түрлері бар. Оларға: алтыбақан, сақина салу, бастаңғы, ақсүйек, инемді тап, шалма т.б ойын түрлері жатады. Бұл көңіл көтеру мақсатында ауыл жастары бас қосып ойналатын ойын түрлері. Қандай болмасын ойыншы үшін берері мол.

Жалпы ата-бабамыз қашанда тәрбиеге ерекше көңіл бөлінген. Қанымызға сіңгені жамандықтан тыйып, жақсы жолға бұру. Білек күшіне сеніп «бәрін қыйратамын» деген әбестік. Ең бастысы – ақыл мен ой. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны ақыл-ойды дамытады. Қарсыластың ойын оқуға, жүрісті алдын ала жоспарлауға, сабырлы болуға, ақылмен жұмыс жасауға үйретеді. Ал, көкпар ақыл-ойды, білек күшімен шымырлықты, жоспарды, батылдықты қажет етеді. Бұл адамның жаны мен тәнінің саулығына жаттықтырады. Сондықтан болар жастар бұл спорт түрлеріне ерекше ықылас білдіреді және әрине бұл ойын түрлерінің қазақтың ұлттық ойын түрлері екенін де ескеру керек. Ал енді тұрмыс-салт ойын-сауық түрлері ше? Қандай мақсатпен шыққан?

Алтыбақан. Тұрмыс-салт ойындарының ішіне кіреді. Жаздың немесе көктемнің тымық кештерінде ауыл жастарының ауыл сыртында немесе арнайы алаңда алтыбақан астында жиналуы. Алтыбақан кез келген той-томалақ кезінде, ат шаптырып, бәйге ұйымдастырғанда, наурыз сияқты ұлттық мерекелер тұсында, ауылдар бойынша ауқымды шара өткенде арнайы құрылады. Алтыбақан маңына жиналған қыз-жігіттер жұптасып тербеле отырып әуенге басады. Әсем ән айтып, өздері қатарлас жастармен араласып қызық кеш өткізеді. Ежелден-ақ ата-анамыз қыз бен жігіттің тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіндіктен, әрі қыздарымыздың ибалы, жігіттеріміздің ұяң болуынан күндізгі қарбаласта, үлкендердің көзінше оңаша шығу ұят деп санаған. Үйдің үлкендері де бұған қарсылық білдіріп қызына және ұлына бұл жөнінде қатал қараған. Осы сәтте ауыл жастарының жақын араласуына немесе көрші ауылдың жастарымен таныс-біліс болуға алтыбақан ұлттық ойынының ерекше көмегі тиген. Себебі, ата-ана үшін қыздарын жалғыз жіберуге қарағанда көрші-қолаң, ағайын-туыстың бір топ қыздарымен және балаларымен жіберу көңілдеріне жайлылық орнататын. Осы орайда жастар бір-бірімен көрісіп, танысып, жұп болып алтыбақанға тербелуге, өз қатарластарымен қызықты уақыт өткізуге таптырмас мүмкіндік алады. Онда ән айтылып биде биленеді. Осы орайда жастардың өмірлік жарын тауып, табысуға да мүмкіндіктері болады. Алтыбақан ұлттық ойын ретінде ғашықтарды табыстыратын орын десе де болады. Болашақ жарымен табысып соңы ұланасыр той салтанатына ұласса қандай бақыт. Той салтанаты, онда орындалатын салт-дәстүрлер, жөн-жоралғылар, жаңа отбасы. Қарап тұрсаңыз бәрі де бір-бірімен тығыз байланыста. Оның барлығы сансыз дайындықты қажет етеді. Ал бүгін ше? Қыз-жігіттер алтыбақан кешінде табыспаса да ата-аналарының үміттерін ақтап, уақыты келгенде үйленуге шешім қабылдап жатады. Ал той салтанатын жасаудың бүгінде еш қиындығы жоқ. Үйлену тойын өткізу үшін барлық қызметтер мен өнімдерді, салтанат залын ғаламтор желісінен-ақ табуға болады. Арнайы киімдер, залды безендіру, безендіру, тіпті шақыру қағаздарына дейін интернет арқылы алуға болады. Бұл қызметтердің барлығын және басқаларын TOiBiZNES.kz сайтынан таба аласыз. Барлығы сіздің мүмкіндігіңізге сай.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі