Соғым басы

Соғым басы

Қазақ халқы етті жақсы көретін халық, себебі біздің ата-бабамыз көшпелі өмір сүрген. Сол себепті ұлттық тағамдарының көбісі төрт түлік малмен байланысты болған. Біздің халық малдың етін ғана пайдаланбайды. Оның сүтінен де тағамдар жасаған. Мысалы сиыр, қой, ешкі, сүтінен құрт, ірімшік, айран, жент, сүзбе, қатық, қаймақ, уыз, сияқты тағамдар істеледі. Жылқының сүтінен қымыз істеледі. Түйенің сүтінен болса шұбат істеледі. Бірақ қазақ халқы бұрыңғы кезде көшпенді болғанда, жылдың төрт мезгілінде ет жемей отыра алмаған. Себебі бір жақтан екінші жаққа көшу үшін көп күш қуат керек. Ал күш қуатты мал еттері ғана беретін. Басқадай ешбір тағамдар келмейтін, ал шөп тағамдары көп күш қуат бермейтін. Біздің бабаларымыз жазда, көктемде көбінде ақ тағамдармен тамақтанса, қыс, күз сияқты суық уақыттарда көбінесе етті пайдаланатын. Сондықтан елдің арасында мынадай әзіл сөз болатын: «қазақтар жаз көктемде ем ішеді, ал қыс күзде ауру жейді». Қыс күзде желінетін ақ тағамдарды жас көктемде дайындап алатын. Оған құрт, сары май, қатық сияқтылар жатады. Ал мал семіргеннен кейін күздің соныңда, немесе қыстың басында соғым сойып алатын. Соғым- арнайы қыс мезгіліне сойылатын малдың еті. Қазақтың тарихында ірі байлар жүз-екі жүз қой, жиырма-отыз ірі қара мал сойған жайлы деректер бар. Қысқы соғым етті кептіріп, сүрлеп, түтіндеп, тұздап алады. Ал ұсақ еттерді әр түрлі әдістермен кептіреді. Соғым сою жыл сайын қайталанатын, науқанды іс. Соғым союға көптеген қасапшылар қатысатын. Соғым сойып жатқанда әр түрлі салттар, ғұрыптар істеледі.

«Соғым басы» да осы салттардың ішіне кіреді. «Соғым басы» бұрынғы кезде жыл сайын жасалатын дәстүр болған. Қазіргі кезде осы салт жиі істелмейді. Осы дәстүр қыс келіп, ауа райы суытып, алғашқы қар жауғанда істелетін. Ауылдың тұрғындары қыс кезінде бір бірлерін қонаққа шақырып, көңілді отырыс жасайтын. Отырыс кезінде қызықты аңыздар, қиссалар, дастандар айтатын. Ән айтып, күй тартып, айтыс ұйымдастыратын. Отырыс біткен кезде, келген адам соғым етінен өз сыбағасын алады. Қалған еттерді кедейлерге таратып береді. Соғым басы бір күнмен шектеліп қалмайтын. Бүгін бір адамның үйінде отырыс болса, келесі күні басқа адамның үйінде отырысқа жиналатын. Осылайша адамдар кыс мезгілін ұйымшыл болып өткізетін. Себебі қыс мезгілі қазақ халқы үшін суық болып есептелетін. Осындай қиын кездерде қазақтар бір біріне көмектесіп, тіреу болатын. Егерде бір отбасыда ет болмаған жағдайда, басқалар еттерімен бөлісіп көмектесетін. Көктемнің бас мерекесі наурыз мейрамы болса, қыстың бас мерекесі соғым басы болатын.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі

Другие новости