Егер үйлену тойыңызды өзгертуге мүмкіндік болса...

Егер үйлену тойыңызды өзгертуге мүмкіндік болса...

Дайындық пен ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, той күні ерекше байқалады. Кәсіби мамандардың қызметін қымбатсынып, арзан қызмет ұсынатын адамды тапқанымызға қуанамыз. Ал таңдауда қателескенімізді тек той күнінде немесе той өтіп кеткеннен кейін біліп жатамыз. Қанша қынжылғанымызбен, өткенге қайтып орала аламаймыз. Дегенмен, ондай мүмкіндік берілсе қай қайсымыз болмасын қателіктерімізді жөндеп қалғымыз келеді. Бірақ, міндетті түрде қателіктеріңізді ескеріп, онымен жұмыс жасағаныңыз жөн. Себебі, алда талай той-думан болуы мүмкін. Ал қателіктер қайталанбауы керек. Өз тойының артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, одан сабақ алған Әділет ендігіде қателеспеуге шешім қабылдаған. Ендеше, оқиғасын өз аузынан естиік.

-Тойыңыз өткен мейрамхананы ауыстырар ма едіңіз? (арзан/қымбат, қолжетімді)

Банкет залына көңілім толды, сапасы жақсы, бағасы жөнінен орташа, қолжетімді. Алматының ортасында орналаспаса да, бағасы қалыпты, кісі басына 8000 теңге (сусындар, ішімдік және жеміссіз). Тойға дейін, бір күн бұрын өзіміз апарып беруімізге тура келді. Әрине, тойды Алматының ең танымал мейрамханасында жасағымыз келді, бірақ бағасында екі есе айырмашылық болды.

- Ас мәзірін өзгертер ме едіңіз?

Қанша дегенмен  кемшіліксіз ештеңе болмайды ғой. Бәрінің жоғарғы деңгейде болғанын қалайсың бірақ, ол тек шығынды көбейтеді. Ас мәзірі жөнінде мейрамхана әкімшілігінің кеңесіне жүгіндік және өкінген жоқпыз. Той соңында дастарханда ас толы болды. Той біткен соң қонақтарға сарқыт ретінде салып бердік) Қонақтар да риза, біз де риза))

- Басқа той киімін таңдар ма едіңіз?

Күйеу жігіт ретінде классикалық костюм таңдадым. Әрине, бағасы қымбатырақ болды. Бірақ, тойдан кейін жұмысқа кидім. Бағасына сапасы сай болды. Жұбайыма тон сатып беруге уәде бергендіктен, қымбат той көйлегін сатып алудың қажеті жоқ деп шештік. Кейін уәдемде тұрып тон әпердім))

- Той қонақтарының тізіміне өзгеріс енгізер ме едіңіз?

Әрине, тойға келмей қалған 15 -тей қонақты шақырмас едім) Дегенмен той алдында барлық шақырылған қонақтарға хабарластық, олар міндетті түрде келетіндерін айтқан. Бірақ өкінішке орай еш ескертусіз келмей қалғандар болды. Барлық орынға ақша төленіп қойған еді. Амал жоқ)

-Той серуенінде болған  көліктерді өзгертер ме дедіңіз?

Жас кезімізде достарымыздың тойында неғұрлым үлкен көліктер болса соғұрлым жақсы дейтін едік) Біздің жасымыз ондай «понт» (мақтан) жасауға келмеді (28 жас). Той серуенін қарапайым қылып өткіземіз деп шештік. Негізгі көлік лимузин болды. Оның қызығын бауырларымыз көрді) Қалған қонақтар үшін серуен көліктері (жол талғамайтын) ретінде достарымыз өз машиналарымен келді. Солай жолымыз болып кетті))

- Салтанат залының безендірілуі көңіліңізден шықты ма? Өзгертер ме едіңіз?

Банкет залының  өз безендірілуі қарапайым болды. Сондықтан, Алматы, кәсіби банкет залын безендірушінің көмегіне жүгіндік. Алдын ала кездесіп безендіру детальдарын ақылдасып, түстерді талқылап, ақшасын төледік. Той күні безендіру көңілімізден шықты. Барлығы күткеніміздей болды. Өзімнің көңілімнен шықты.

- Жүргізушіні ауыстырар ма едіңіз?

Асаба, көңілімізді қалдырды. Бұдан бұрын әкеміздің мерейтойын жүргізгенде ұнаған еді. Той жүргізу қолынан келмеді. Жастармен ойын, конкурс аз болды, шоу-бағдарламада іш пыстыралықтай болды (бірнеше би және бір әнші), асаба тек тілек айтқызып тұрды(( Танымал қазақстандық әншіні шақырғаным жақсы болыпты, ал достарым заманауи домбырашылар мен тағы бір әнші шақырды. Ол кездері интернет желісі арқылы кәсіби той қызметтерін ұсынатын мамандарды табу қиын болатын. Қазір бұндай сайттар көп.

- Фото және видео қызметін ұсынғандарды ауыстырар ма едіңіз?

Фотограф кәсіби, өз ісінің шебері болды. Суретке қалай түсіру керектігін біледі, арнайы түсірілген суреттер де көп болды. Екі кәсіби фотоаппаратпен жұмыс жасады, залға қосымша жарық қойды. Соңында жақсы суреттерді таңдап, өңдеп дискіге көшіріп берді. Тойда кәсіби фотограф жалдауға қаржыны аямаған жөн. Соңында өзіңізге де жағымды естеліктер қалатын болады. Ал видео оператор қызметін асаба жеңілдік ретінде ұсынған болатын. Видео түсірілім, өңдеуі, дыбысы мүлдем ұнамады. Тоқсаныншы жылғы видео тәрізді. Оны аяғынадейін көрген де жоқпын.

- Қандай қызметке ақшаңызды үнемдер едіңіз?

Жоспарламаған шығындар болмады. «Көрпеңе қарай көсіл» демекші, шамадан тыс шашылған да жақсылыққа әкелмейді. 300 адамға арналған тойды ешқандай қарыз алмастан жасадық. Қаланың қақ ортасынан банкет залын жалдайтын болсақ нағыз шығын болар еді...

- Ал қандай қызметке қаражатты көбірек жұмсар едіңіз?

Асабаны өзгертер едім, кәсіби видео оператор жалдар едім және қосымша шоу-бағдарлама шақыртар едім.

Бүгін интернеттің дамығанына байланысты, таңдау да көбеюде. TOi BiZNES.kz сайтындағыдай барлық өнім және қызмет ұсынатын ұйымдар бір алаңға біріктірілгенде таңдау да жеңіл болады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі