Арзан той жасау мүмкін бе?

Арзан той жасау мүмкін бе?

2011 жыл болатын. Барлық жас жұбайлар тәрізді бізде Алматыда той ұйымдастыру қамына кіріскен болатынбыз. Тойды қалай өткізу керек, қайда өткізу керек, лимузин  керек пе, тойға 100 адам шақырған дұрыс па, некелесу рәсімін қайда өткіземіз және т.б. Көкейіміздегі сұрақтар реті өте көп болатын. Жұмыстағы қызметтестеріміз бен тәжірибелі достарымыздың пікірінше мейрамахананы жалға алу керек, әдемі той көйлегін сатып алған дұрыс. Ал тойға бүкіл достарымыз бен қызметтестерді шақыру керек. Әрине, той болғандықтан талантты жүргізуші, жақсы фотограф және бай дастархансыз болмайды. «Барлығы сияқты жаса» - дейді бүгінгі қоғам. Сән сәнімен бірақ біз бір күндік мереке үшін мыңдаған доллар шашатын азаматтар қатарынан емес едік. Тіпті бұл үйлену тойы болсада.

Біз ең қарапайым сұрақтан бастағанды жөн көрдік. АХАЖ –ға келіп өтініш бердік. Бізге бір айдан кейін келіп неке туралы куәлікті алуға болатынын айтты. Бастапқыда дүркіреген той жасау туралы ойды тастап, АХАЖ-ға маусым айында некелесіп, қазанда мейрамхана жалдап үйлену той мерекесін барлық достарымызбен атап өтеміз деген сценари құрдық.

Неке куәлігін алуға бірер апта қалғанда болашақ жарым не дегенмен неке сарайына  (АХАЖ) әдемі  болып бару керек, ол үшін той көйлегін сатып алған дұрыс деп шештік. Өзіне 50 000 теңге тұратын әдемі, көлемді көйлек таңдап, сатып алдық. Той көйлегі 1000-2000$-дан кем түспейтін шығар деп ойлайтынмын. Таң қалдым әрі қуандым. Ақылымыз бен ойымызға жүгініп көптеген  жас жұбайлар сияқты қымбат көйлек алып тұзаққа түспедік. Достарымыздың көбісі: «Той өмірде бір-ақ рет болады, сондықтан көйлек те барынша әдемі болуы керек» - деп түрлі пікірлер айтты. Әрине, той бір рет қана болады, соған сай көйлек те тек бір рет қана киіледі, кейін ұзақ уақыттар үйде сақталып тұрады. Одан ешкімге келіп-кетер пайда да жоқ.  Қалыңдығым биік өкшелі туфлиге қарағанда, күні бойына жүріп тұруға әлдеқайда ыңғайлы жай табанды аяқ киім сатып алуды жөн көрді. Бұны өзіңізге түртіп алсаңыз болады. 

Той көйлегінен кейін, неке сақинасын алу ғана қалды. Ақ алтын мен бриллиант тастары бар қымбат жүзіктер алмай, 40 000 теңге тұратын қарапайым алтын неке жүзіктерін сатып алдық.

АХАЖ-ға баруға 3 апта қалғанда таулы аймқтағы мейрамхананы жалдауға шешім қабылдадық. Онда да соңғы қалған жаздық алаңға (терраса) алдын ала  ақша беруге әрең үлгердік. Күйеу жігіт ретінде киетін костюмім дайын болатын, сондықтан киімге артық ақша жұмсаудың қажеттілігі болмады. Тойға шақырылған қонақтар саны бар жоғы 8 болды. Жақын туыстарымыз және қалыңдықтың құрбысы.

Неке сарайына қалыңдығым және туыстарым менің көлігіммен бардық. Әпкемнің күйеуі кәсіби фотограф болғандықтан, фотоға сол түсірді. Суреттер өте керемет болып шықты. Мерекелік шампанды ашып, неке куәлігін алып, сақина салғанан кейін, біз үшін арнай дайындалып қойған мерекелік дастарханға тауға кеттік.

Жалпы той күні керемет өтті. Ешқандай да ішімдік ішкен қонақтар, аса таныс емес туыстар, ұзын сонар тосттар және жүргізушінің ұятты қалжыңдары болмады. Барлығы бақытты әрі көңілді өтті. Дастарханда ыстық тағам, кәуәп, түрлі салаттар, сусындар және тәтті тағам болғанына қарамастан қонақтарға жайылған үстелдің барлығы 30 000 теңгеге түсті.

Үйлену тойына кеткен бүкіл қаржыны 120 000 теңге болды. «Осынша қаржыға той жасау мүмкін емес» дейтіндер болатын шығар әрине. Дегенмен, біз оны жасадық.

Үйлену тойында бізге шамамен 500 000 теңге сыйлыққа берілді. Ол біздің барлық шығындарымызды артығымен жапты. Қалған ақшаны үйлену саяхатына жұмсаймыз деп шештік. Бір аптадан кейін өзіміз Малайзияға ұшаққа билет алып, Лангкави аралынан қонақүй жалдап, 8 күндік тропикалық аралға саяхаттқа аттандық.

Негізінде еш жүйкеңізді жұқартпай, қыруар қаражат жұмсап, қарызға және кредитке ақша алмай керемет той өткізуге болады. Басқа адамдар не айтады екен деп өмір сүруге болмайды. Үйлену тойы сіздікі, бұл күні сіз өз ойыңыздағыдай өткізіп, қалауыңызша демалуыңыз үшін өзіңіз ойлап, өзіңіз шешім қабылдауыңыз керек. Ал үйлену тойының керемет жалғасы ретінде, мәңгі есіңізде қалатындай шет елге саяхатқа шығуына болады. Тойңызды ұйымдастыру мен жоспарлау өз қолыңызда!

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі