Мейрамхана -> Тойхана

Отбасылық немесе кез келген басқа да шараларды өткізуге келгенде орын таңдау, біз үшін маңыздылығы басты орында тұратын міндет. Оның ішінде үйлену тойына ерекше дайындық жүргізетініміз де анық. Орын жағынан кез келген жерде: үйде, табиғатта, теңіз жағасында, шет елде де ұйымдастыратындар саны көп дегенмен Тойхана таңдайтындар саны барлығынан басым екендігі анық. Бүгінде сан алуан интерьер, дизайындық жабдықталу, техникалық аппаратурамен қамтамасыз етілген тойханалар көп. Оның үстіне сән-салтанатқа, тұтынушы талаптарына сай тойханалар барлық әлеуметтік лауазымдар бойынша қызмет көрсете алады.

TOiBiZNES.kz сайтына өту арқылы сіз Алматы қаласы және Қазақстанның өзге де қалалары бойынша ең танымал, әрі қолжетімді бағадағы тойханалар тізімін көре аласыз. Сонымен қатар, үйлену тойына қажетті қосымша фото-видео, асаба, шоу-бағдарлама, көлік, безендіру тәрізді қызметтер түріне оңай қол жеткізе аласыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Тойханада ұйымдастыру артықшылықтары:

1. Қонақтардың кез келген көлемін қабылдай алуында. Мерекелік көңіл-күйге сай безендірілу және үстел-орындықтардың қолайлы орналастырылуы. Кәсіби музыкалық аппараттармен, жарық шамдармен және т.б қажетті жаңа технологиялық құралдармен қамтамасыз етілуі.

2. Ас мәзірін таңдап, бекіту мүмкіндігі. Талғамға сай әр клиенттің ойын жүзеге асыру мүмкіндігі. Дастархан безендірілуіне ерекше мән беру.

3. Әдемі ішкі және сыртқы көрініс. Қонақтарға арналған көлік тұрақтары. Тойдан кейінгі фото және видео түсірілімдердің сәтті шығуы.

4. Жас жұбайларға арнайы безендірілген орын. Той бизнес әлемінде орын алып жатқан жаңа трендтерді жүзеге асыра алу мүміндігі (жоғарыдан түс, күймемен кіру, ұлпа қар т.б).

Үйлену тойды тойханада ұйымдастыру ойыңызда болса назарда ұстаңыз:

  • Тойдың қызыған көктем, жаз маусымдарында 2-3 ай бұрын тойхана таңдауға кірісу.
  • Сайттағы тұтынушылар қалдырған пікірлер мен суреттерді көріп қана қоймай, жеке барып көру. Сыртқы және ішкі көрінісіне мән беру.
  • Тойхана әкімшілігімен келіссөздер жүргізу. Шартқа кіретін бөлімдерді жеке талқылау. Тойхананың соңғы құнын шығару және нақтылау.
  • Той мәзірін бекіту. Қалауыңыз бойынша енгізетін немесе алып тастайтын тағамдар тізімін анықтау.
  • Техникалық жабдықталуын байқау. Муызыкалық аппаратура, лед экрандар, жарықтар мен қажетті басқада құрылғылардың барын анықтау.

Бұл мән беру керек басты талаптар. Әкімшімен кеңескенде барынша ашық сұрақтар қойып сауалыңызға жауап алуға тырысыңыз. Еліміз бойынша тойханалар тізімін сайтттан көріп, көрсетілген номерлер бойынша жеке немесе сайт әкімшілігіне шыға аласыз.