Мейрамхана -> Суши бар

Соңғы екі жылда тұтынушылардың сүйіктісіне айналған жапон тіскебасарлары – суши, жыл өткен сайын бизнес саласында тек ілгерілеп келеді. Бүгінгі күні жаңадан ашылып жатқан және де өз брендін қалыптастырып үлгерген суши-барлардың көбісі тұтынушыларын жоғалтпас үшін түрлі суши дәмін шығарып жатыр. Олар авторлық тағамдар арқылы ерекшеленудің жолын көздейді. Сол себептен де суши-барлар тағамдарының сапалы әрі тың дәмде болуын, ғимараттарының ішкі және сыртқы көрінісінің ерекше болуын, жаңа интерьер және ішкі көңіл-күйіне, қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөледі. Тағы бір артқшылығы жеткізу қызметі.

Күнделікті кафе-кондитерлік, кофехана тәрізді тәтті-дәмділерден шаршасаңыз, ерекше шығыс және европалық дизайындағы суши барлар тізімін toibiznes.kz сайтынан көре аласыз. Сонымен қатар, уақытыңызға, орныңызға байланысты жеткізу қызметіне жүгіну мүмкіндігіңіз бар.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Суши-бар:

1. Заманауи интерьер, жайлы атмосфера, қолайлы ішкі дизайн. Таңсық стиль және ерекше безендірілулер. Жағымды музыкамен әрленген көңілді орта.

2. Жапон сушилерінің кең таңдауы, эксклюзивті дәмдер. Суши-бар шеф поварларының авторлық туындылары. Жоғары деңгейдегі қызмет көрсету. Ішкі мәдениет және ілтипатты қызметкерлер.

3. Күнделікті күйбең тіршіліктен демалуға мүмкіндік. Қаланың демалыс орындарында орналасуы. Құрбы-құрдастар, отбасылық демалыстар тәрізді көңілді орталарға, тың әрі ерекше бас-қосуларды ұйымдастыруға қолайлы орындардың бірі.

4. Қызмет орынына, үйге және басқа да қалаған орныңызға жеткізіп беру мүмкіндігі. Сушидің кең таңдауы және ерекше дәмдері.

Жалпы суши-барлар қызметінің тізіп айтар артықшылықтары көп. Әрине, көлемді мерекелер ұйымдыстыру мүмкіндігі жоқ. Дегенмен, көңілді шағын отырыстарға суши-бар қызметін ойланбастан таңдай аласыз.

Суши-бар таңдау кезінде мән беріңіз:

  • Ғимараттың көңіліңізден шығуы, ішкі көрінісі, дизайын және интерьері. Орналасқан жері.
  • Ұсынылатын сушилердің кең таңдауы, тағам сапасы, ішкі қызмет көрсету сапасы.
  • Бағасына және қосымша қызметтеріне мән беру. Жиналатын адамдарға қарай орынның сай болуы.
  • Орынға арнайы алдын ала тапсырыс берген жағдайда әкімшімен келісу және шарттармен танысу. Қажет болған жағдайда мәзірді дайындау.

Суши-бар қызметі бүгінде тұтынушыларының көптігімен алдынғы орында тұрғаны анық. Артықшылықтарының тағы бір тұсы кез келген адамға қолжетімділігі. Алматы қаласы бойынша суши-барлар тізімі сайт бөлімінде көрсетілген. Оған қоса, toibiznes.kz сайтынан кофехана, тойхана және кафе-кондитерлік тәрізді көптеген орындарды бірден табуға мүмкіндігіңіз бар.