Мейрамхана -> Спорт бар

Спорт барлар қашанда адамдар тобы таусылмайтын орындардың бірі болып саналады. Мұнда спортпен шұғылданушылар ғана емес, сонымен қатар, спортқа жанкүйер, спорт сүйер қауымның  сүйікті орындарына кіреді. Қала бойынша спортқа қызығушы, тілегі бірлерді біріктіретін спорт –барлар ересектерге арналған танымал ойын-сауық орындарының бірі болып саналады. Спорт-барда кубоктар мен түрлі чемпионаттарды тікелей  эфирде беру мүмкіндігі бар. Сондықтан болар, ерлер қауымын қызықтырмай қоймайды. Мұнда тек спорт саласында бір-бірін жақсы түсінетін, бір ойдағы дос-жарандар ғана емес, отбасымен демалу мүмкіндігі де бар.

Спорт-барлар қазақ жеріне келгелі ұзақ уақыт болмаса да бүгінде танымалдылыққа ие. Оның басты себебін өзара бақталастықта деген жөн. Әрбір бар келушілерінің тұрақты әрі көп болғанын қалайтыны жасырын емес. Сол үшін де түрлі бірегей мүмкіндіктер мен тұтынушыға қолайлы жағдайды жасауға тырысады. Жалпы спорт-бардың қарапайым бардан немесе пабтан еш айырмашылығы жоқ, тек әлем деңгейіндегі спорттық жарыстарды тікелей эфирден көру мүмкіндігі болмаса. Ал, интерьер, бар, суысындар мен асханасы айтарлықтай өзгеше болмауы да мүмкін. Спорт -бардың да, ерекше көзге жағымды бармен орны, шағын орындықтар мен үстел, жұмсақ жиһаздар, тікелей трансляция көруге қолайлы орындары бар. Сонымен қатар, спорт –барлардың тағы бір ерекшелігі – боулинг, бильярд және т.б. Боулинг ойнау көпшіліктің қызығушылығын тудыратын  спорт түрі.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Жалпы спорт-барлардың артықшылығы неде және ерекшеліктері қандай?

  1. Классика. Классикалық стилдегі спорт-барлар, бірнеше адам сиятын үлкен жұмсақ жиһаздарымен, көптеген орындықтар мен бар орындықтары бар, күнделікті трансляция көрсетуге бейімделген, үлкен экранды теледидар немесе тіпті проекторлармен жабдықталған, сапалы дауыс шығару аппараттарымен жабдықталады. 
  2. Дәстүрлі.  Дәстүрлі стилдегі спорт-барлар тек маңызды спорт сайыстарын, чемпионаттарға трансляция көрсетіп, ал қалған күндері қарапайым бар кейіпінде жұмыс жасайды. Мұнда арнайы экрандар, ыңғайлылық болмауы да мүмкін. Бірақ чемпионат уақытында келушілер санын екі есеге ұлғайады.
  3. Салауатты. Бүгінде көптеген спорт ғимараттарының ішінен де спорт-барлар ашылыуда. Бұл фитнес, спорт клубтар, жаттығу орындары. Мұндай спорт-барларға көбіне жаттығудан кейін демалуға бас сұғады. Онда таза пайдалы өнімдер, диеталық тағамдар, сусындар сатылады.

 

Спорт – барлардың артықшылығы:

 

  • Жағымды итерьер, жайлы жұмсақ жиһаздар. Спорттық стилге сай арнайы дизайындық жабдықталу.
  • Әлемдік деңгейдегі спорттық сайыстарға трансляция жасау мүмкіндігі. Сапалы дауыс шығару, ұлғайтқыштар, үлкен экрандар мен проекторлар. Көпшіліктің  бардың қай бұрышынан болмасын көру мүмкіндігі.
  • Дос-жарандар және отбасы ортасында көңілді отырыстар өткізу. Спорт турасында жақсы түсінісетін адамар тобының бір орында жиналады.
  • Дәмді ас ішу мүмкіндігі және түрлі сусындардың мол базасы. Спорт-бар көңілді кеш өткізуге де қолайлы орындардың бірі.
  • Отырыстар мен туған күн кештерін, басқа да жиындарды өткізу үшін жалға алу немесе арнайы орынға тапсырыс беру мүмкіндігі.

Егер, спорт барда кеш өткізді жоспарласаңыз Алматы, Астана және Қазақстан бойынша танымал және қарапайым спорт –барлар тізімін TOiBiZNES.kz. сайтынан таба аласыз.