Мейрамхана -> Сырахана

Сырахана – көңіл көтеру орындарының тағы бір түрі. Жаңа дизайн мен ерекше интерьер, жанды дауыстағы музыка, түрлі халықтардың дәмді асханасы мен жағымды атмосфера. Стилдік ерекшелік, қызметкерлердің жағымды формасы мен нағыз неміс сыраханаларына тән ішкі мәдениет. Бұның барлығы бүгінгі күнгі сыраханалардың көрінісі. Сыраның сан алуан сортын жинақтаған сыраханалар сыра сусындарын бағалайтын тұтынушылардың қалауын ұсына алды. Қолжетімді баға, әдемі орта. Сондықтанда болар, сырахана келушілері аптаның қай күні болмасын үзілмейді. Ересектер арасында танымалдылықа ие сыраханалардың артықшылықтары да жоқ емес. Сырахана көңілді кештер мен отырыстар өткізуге, қонақтар көлемін бірден қабылдауға мүмкіндігі бар.

Көңілді кеш ұйымдастыруға сырахана іздейтін болсаңыз TOiBiZNES.kz сайтының қызметіне жүгіне аласыз. Бүкіл Қазақстан және Алматы, Астана қалалары бойынша шара ұйымдастыратын орындардың ауқымды базасын жинақтаған сайтта танымал сыраханалардың да жарнамаларын  таба аласыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Сырахана артықшылықтары қандай?

  1. Интерьер. Сыраханалардың көбісі арнайы бір стилді ұстанады. Яғни ол неміс, швед және ирландық сыраханалар негізінде дизайндық үлгіде жабдықталады. Соған сай ішкі және сыртқы көрінісі, асханасы және сыралар сорты айқындалады. Сіз өз талғамыңызға сай сырахананы таңдауға мүмкіндігіңіз бар.
  2. Сырахана паб, жаздық шатыр немесе терасса, спорт-бар тәрізді түрлі үлгіде болады. Бұл жалпы таңдаудың молдығын байқатады, сонымен қатар, сұранысқа ие болу үшін әрбір сырахана өзінде бірегей сыра сорттарын сақтайды.
  3. Футбол, ат жарыстары, волейбол, тенис тәрізді түрлі спорт түрінің жанкүйерлері үшін таптырмас орын. Мұнда әрі ойынды тамашалап, әрі көңілді отырыс жасап, достарыңызбен көңілді кеш өткізуге мүмкіндік мол.
  4. Сыраханаға тән атмосфера, шулы орта, жанды дауыстағы ән, кешкісін өнер көрсететін музыкалық топтар, ерекше интерьер. Бұл кірген сәттен бастап швед немесе неміс сыраханасының ортасына еніп кеткендей әсер қалдырады.

Сыраханада көңілді отырыс немесе кеш өткізуді жоспарлайтын болсаңыз, мына кеңестерімізге назар аударыңыз:

  • Алдын ала орынға тапсырыс беріп, келетін қонақтар санын анықтап айту. Қажет болған жағдайда дастархан мәзірін алдын ала бекітіп, қонақтар жиналғанға дейін дайын болуын қадағалау.
  • Ішкі қызметкерлердің мәдениеті, қызмет көрсету деңгейі. Қосымша қызметтер мен жеңілдіктер.
  • Орналасқан орны. Алкогольді көңілді отырыстан кейін қайту жағдайын да ойластырып қойыңыз. Бұл тұрғыда сырахананың орналасқан жеріне мән беріңіз.

TOiBiZNES.kz сайты мерекелік кештерді, отырыстар мен жиындарды өткізуге арналған түрлі орындардың кең таңдауын ұсынады. Оның ішінде: кофехана, кофе-кондитерлік, сушибар, караоке, паб және т.б. бар.