Дастархан -> Даяршыларды жалдау

Қызметкерлерді банкетке жалдау. Бұл – соңғы уақытта танымалдылыққа ие болып үлгерген қызмет түрлерінің бірі. Сұраныстың көбейуіне байланысты белгілі бірі мереке, шараға бейімделген немесе әмбебап қызмет көрсетушілер тобы да бар. Қызметшілер тобын жалдаудың ас тарату, дастархан немесе фуршеттік үстелдерді дайындауда, қонақтарға сусын құю, сондай-ақ жинау жұмыстар тәрізді  өзіндік ұтымды тұстары бар. Сондықтан да, көп қонақ шақырылған шараларға, ресми кездесулерге, туған күн мен үйлену тойы, кештеріне қызметшілер жалдау өз тиімділігін көрсетеді. Ол:

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Дегенмен, банкетке қызметкерлерді жалдаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Жылжымалы қызметкерлер тобын жалдау үшін мына жағдайларды ескеру керек.

  • Жылжымалы қызметкерлер тобын қандай мереке үшін жалдайсыз. Ол туған күн кеші, банкет, үйлену тойы, қала сыртында немесе жекежайда өтетін кештер болуы мүмкін. Соған орай қызмет түрін таңдайсыз;
  • Қызмет көрсетушілерід жалға алу кезінде бұл салада қанша уақыт қызмет етіп жүргендерін анықтап алыңыз. Даяршыларды таңдау кезінде өзіңіздің жеке талаптарыңыз болса, міндетті түрде ескертіңіз. Мысалы тек қыздар немесе ер балалар болуы, тақырыптық кеш болатындықтан қандайда бір киім үлгісінде болуы деген тәрізді.
  • Қызметшілер тобын таңдағаннан кейін олардың талап-тілектері бар ма? Анықтап алыңыз. Толықтай қызмет құны қанша және қызметтеріне не кіреді? Бұл да өз құқықтарыңыз бен тосын оқиғалардан сақтануыңыз үшін қажет болады.

Үй жағдайындағы банкетке даяршылар жалдау да тиімді қызмет түрлерінің бірі. Үйде қандайда бір мерекені атап өту ең алдымен үй бикесінің міндеттерінің біріне кіреді. Қонақтар саны көп болған сайын, мерекеден кейінгі шаршаңқы күй де басым болады. Мұндай жағдайда сіз қашанда жылжымалы қызмет көрсетушілер тобының көмегіне жүгіне аласыз. Үйіңізге, жекежайыңызға немесе басқада мереке ұйымдастыруды жоспарлаған орынға қызметкерлер тобын жалдау мүмкіндігі бар. Өз кезегінде өзіңіздің қатысуыңызсыз қонақтарға жақсы қызмет көрсетіледі.Сізде, еш алаңсыз қонақтармен бірге көңіл-көтеріп қуанышты бөлісуге уақытыңыз болады.

Жалпы, қызметкерлерді банкет үшін жалдау бүгінгі күні кең таралған қызмет түрлерінің бірі. Сондықтан да, бұл қызмет түрін іздеу еш қиындық тудырмайды. Сіз өз мүмкіндігіңізге орай қызметшілердің тобын таңдай аласыз. Қызметкерлердің кәсібилігі, тәжірибесі мол болған сайын қызмет құны да арта түседі. Бірақ, жалдау құны арзан қызметкерлер тобы сапасыз қызмет көрсетеді деген сөз емес. Жылжымалы банкет қызметкерлерін жалдау туралы сіз TOi BiZNES.kz сайтының көмегіне жүгіне аласыз. Кез келген мерекелік немесе ресми шараны ұйымдастыру бойынша қызмет түрлерінің сан алуан түрі жинақталған порталда өз қалауыңызды табу мүмкіндігі басым.