Мейрамхана -> Караоке

Караоке – бүгінде адамдар көп жиналатын көңіл көтеру орынына айналған. Келушілердің көптігіне орай караоке, караоке-барлар сұранысқа ие. Бір емес бірнеше қызметті біріктірген қызмет көрсетудің бұл түрі жастар, ересектер арасында танымалдылыққа ие. Жапон және ағылшындық екі типке бөлінетін караоке түрі Қазақстанда да кең тараған. Бірі арнайы жабдықталған караоке бөлмелерінен тұрса, екінші түрі барлық келушілерге арналған ортақ зал. Замануи үлгіде жабдықталған залдар, ерекше дизайн, жағымды ішкі және сыртқы көрініс. Бұның барлығы тұтынушылар назар аударатын басты себептер. Караокенің де бірден танымалдылыққа ие болу себебі де оның сән-салтанатына байланысты.

TOi BiZNES.kz сайтында көпшіліктің таңдауына және сүйіктісіне айналып үлгерген танымал және қарапайымдылығымен көзге түскен караоке жарнамаларын көруге және жеке парақшасына өту мүмкінігі бар. Көңілді ортаны, музыкалық көңіл-күйді, ән айтқанды ұнатсаңыз караоке таптырмас орын.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Караоке артықшылықтарын атап өтейік:

1. Көңілді атмосфера, дизайындық ерекшеліктер, көз тартарлық стиль есте қалатын және ерекше әсер қалдыратын интерьер.

2. Ән айтумен қатар дәмді тамақтануға, көңіл-көтеруге болатын ерекше  мүмкіндігі. Караоке түрлі елдер асханасын ұсына алу мүмкіндігімен де ерекшеленеді. Сусындардың сан алуан түрі, қорқор (кальян).

3. Караоке  – достар арасындағы көңілді кездесулер өткізуге, отбасылық демалыстар өткізуге, туған күн кештері мен шағын мерекелік шаралар өткізуге, ауыр жұмыс күнінен демалуға таптырмас орын.

4. Көңілді орта, орынды алдын ала жалдау мүмкіндігі, бірнеше адамдар тобын қабылдай алу мүмкіндігі.

Караокеда туған күн кешін ұйымдастыруды жоспарласаңыз:

  • Орынға алдын ала тапсырыс беру, ас мәзірін бекіту. Келетін қонақтар тізімін нақтылау.
  • Караоке қызметіне, ішкі қызметкерлерінің мәдениетіне мән беру. Қызмет көрсету сапасына мән беру.
  • Ішкі және сыртқы көрінісінің жағымдылығана, дизайндық, стилдік түріне мән беру.
  • Ортақ залдағы экрандардың, музыкалық аппараттардың кәсіби деңгейі. Экрандарды көре алу мүмкіндігі.

Караоке таңдау барысында осы және басқа да мәселелерге назар аударыңыз. Караокеге сайтта көрсетілген телефон номерлер арқылы тапсырыс жасай аласыздар! Оған қоса кофехана, кафе-кондитерлік, суши бар тәрізді түрлі қызметтерді де сайттан таба аласыз. Қызметтер түрі мұнымен шектелмейді, жүргізуші, мейрамхана, фото-видео, көлік, сыйлықтар және т.б.