Мереке ұйымдастырушылардың тауар мен қызметін жариялайтын портал

Мереке-думан ұйымдастырушылардың тауар және қызмет түрлерін жариялайтын порталға қош келдіңіз!

Главный баннер TOiBiZNES

TOiBiZNES.kz - ақпараттық, көпфункционалды интернет-портал. Оның мақсаты бүкіл Қазақстан бойынша әр түрлі іс-шаралар (үйлену той, туған күндер, мерейтойлар, көрмелер, мерекелік кештер) өткізу үшін өз өнімдерін, мейрамханаларын, қызмет түрлерін ұсынатын кәсіпорындар мен ұйымдардың (агенттік) деректер базасын құру болып табылады.

Осы ыңғайлы онлайн платформаның көмегімен, сіз:

  • тез арада үйлену тойын өткізетін банкет/салтанат залын таңдай аласыз;
  • шоу-бағдарламаға немесе лазерлік шоу көрсетіліміне қайда тапсырыс беруге болатынын біле аласыз;
  • балалар мерекесін кәсіби түрде безендірушілерді таба аласыз;
  • дарынды асабаларды таба аласыз;
  • шарлар мен гүл шоқтарын қолданып, үйлену тойын безендірушілерге т.б қызметтерге қайда тапсырыс беруге болатынын анықтай аласыз.

Біздің онлайн платформаны Қазақстан азаматтары және қонақтары қолданады. Оның көмегімен, пайдаланушылар өздеріне қажетті қызмет түрін Қазақстанның кез келген аймағынан және арнайы бөлімдер бойынша таба алады. TOiBiZNES.kz порталы 2016 жылдың басынан бастап жұмыс істейді. Оқырмандарға қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Оның көмегімен, сіз тез арада алда болатын іс-шара үшін талғамыңызға сай қажетті тауарлар мен қызметтерді, өткізетін орындарды таңдай аласыз.

Біздің деректер базасында Қазақстандағы ең үздік банкет/салтанат залдары ұсынылған. Біздің онлайн портал арқылы, сіз Алматы, Астана және басқа да қазақстандық қалалар бойынша жалға алауға болатын банкет/салтанат залдарын тез әрі тегін қарастыра аласыз.Біздің сайт дереу жалға берушілермен хабарласуға, байланыс телефондарын білуге және ғимаратты алдын ала жалға алу үшін тапсырыс жасауға мүмкіндік береді. Порталдың жеке кабинетті пайдалану арқылы сайт қолданушылары сүйікті қызметтері мен мекемелерінің жеке портфелін қалыптастыру мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, мерекелік шараларды ұйымдастыру саласында жұмыс істейтіндер де біздің қызметті қолданады. Олар үшін біздің сайтта өз ұсынатын қызметтері туралы ақпарат жариялау ақылы. Сайтта жарнама орналастыру құны аптасына жүз теңге немесе жылына 5200 теңге тұрады. Егер сіз мереке немесе үйлену тойға әнші, DJ қызметін көрсететін болсаңыз, сабынды көпіршіктер немесе құмды көрсетілім жасасаңыз, үйлену той шоу-бағдарлама ұйымдастыру немесе отбасылық фотосессия жасауға дайын болсаңыз біздің онлайн порталда сол туралы ақылы жарнама орналастыруды ұсынамыз. Қалауыңыз бойынша жарнамаңыздың біздің портал бойынша ақылы қосымша қызметтерді (басты бөлімдерге шығару, ерекшелеу және т.б) қолдану арқылы қаралымын көтере аласыз. Бұл қызметтер құны жүзден үш мың теңге аралығында. Киви терминал, несиелік карта немесе SMS хабарламалар арқылы бізге төлем жасай аласыз.

Біздің портал – өнім/қызмет түрлерін ұсынушылар мен клиенттер арасында байланысты орнатуға мүмкіндік беретін ыңғайлы онлайн платформа болып табылады. Ол заманауи дизайны және қолдануға ынғайлылығымен ерекшеленеді.

Біздің порталдың негізгі міндеттері:

  • Мереккелік іс-шара өткізуге қажетті қызмет түрлеріне (фотограф, үйлену тойы үшін DJ, мерекелік безендіру, love story фототүсірілім немесе басқа фото видео қызмет түрлерін табу және т.б) пайдаланушылардың, интернет желісіне қосылған кез келген құрылғының көмегімен қол жеткізу мүмкіндігі.
  • Өнімдер мен қызмет ұсынушылар бизнесін дамыту үшін тиімді алаң құру.

Біздің қызмет көрсету Қазақстанның жүз қырықтан астам қаласын қамтиды. Оның көмегімен Алматыда, Астанада немесе Қазақстанның кез келген басқа қаласы бойынша үйлену тойын тамада, балалар мерекесіне фотограф немесе аниматор таба аласыз. Біздің портал көпфункционалды және қолдануға оңай. Іс-шаралар ұйымдастыру саласындағы қызметтер мен өнімдер туралы сұраныстағы ақпараттардан бөлек, мұнда ұлттық шараларды өткізу туралы ақпараттық-насихаттық мақалалар да орналастырылады.